Алматы қаласы Әділет департаменті мамандары «Zielenski & Rozen” компаниясының сенімхат негізіндегі өкілінің арыз шағымы негізінде жыл басынан бері 10 кезектен тыс тексеріс жүргізген. Тексеріс барысында жалпы сомасы 2 910 500 теңгені құрайтын 300 дана контрафактілі өнім тәркіленген. Аталған заттарды рұқсат қағазы бар,экологиялық талапқа сай арнайы мекемеде жою шаралары жүргізілді.

ЕРКЕБҰЛАН ЖЕТПІСБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 

Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанынан бастап аталмыш департамент мамандары бөтеннің тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі бойынша 40 әкімшілік іс қозғаған. 

ЕРКЕБҰЛАН ЖЕТПІСБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ