Алматыда педагогтерге арналған Республикалық “Digital Kazakhstan” Жаңа замандағы білім беру тақырыбы аясында саммит өтті. Жалпы білім беру жүйесіндегі өзгерістер қандай,несімен ерекше? Толығырақ келесі бейнематериалда.
Саммит жұмысына 2500 педагог, сондай-ақ білім беру саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты.
ДӘУРЕН САҒЫНҒАЛИЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ- ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Расымен де Жаңа замандағы білім беруде қандай өзгерістер болып жатыр, әлемде қандай озық идеялар бар және өзіміздің өнімдердің ішінде қандай ірі жобалар бар, әсіресе білім саласындағы цифровизация мәселесінде қандай цифрлық шешімдер қабылданып жатыр деген бағытта біздің Алматылық әріптестеріміз үлкен олжаға кенеліп отыр. Әсіресе ерекше атап өтетін біздің кітаптарымыздың электронды бағытқа көшкендігін атап өту керек.Алматы топик кітаптың қолтаңбасында бүгін педагогтардың назарына ұсындық».
Бүгінгі таңда 147 мектеп оқулығы қазір электронды нұсқада жұмыс жасауда. Сондай-ақ ұстаздар қауымы да жасанды интелект жүйесіне бет бұра бастаған.
ДӘУРЕН САҒЫНҒАЛИЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ- ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Сандық технологиялар бағытында қазір мұғалімнің сабақ беру процесіндегі қолданылатын негізгі цифрлық шешімдерді ерекше атап өтуге болады, әсіресе бұлардың қатарында мен Алматылық әріптестеріміздің 650 Алматылық педагог жасанды интелект бойынша онлайн оқытудан өткен болатын және де қазіргі таңда Аiti сыныптары да Алматы мектептерінде жұмыс істеп жатыр. Алматы қаласында 52 Aiti сыныптары жұмыс жасауда және дәл осы 2024 жылы Алматы қаласына 168 жаңа мадефикациядағы кабинеттер берілді.Ең соңғы үлгідегі технологиялар Алматы мектептерінің кабинеттеріне қойылды».