Бүгін  Алматыда таңғы сағат 8 шамасында «Young man» маркалы №7 троллейбус өртенді. Өрттің алдын-ала себебі - пештің үрлеу қозғалтқышында болған. Көлік тізгіндеуші Болат Тілеубердиевтің сөзінше, рейс алдында ол сағат 5:45-те медициналық тексеруден және көлікті 6:00-де техникалық тексеруден өткізген. Тілсіз жау жүргізушінің кабинасында басталған. Аялдамаға жеткен соң, өрт сөндіру бөліміне хабар беріліп, уақытында ауыздықтаған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

ЖАНДАУЛЕТ ЕРТІЛЕС АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ №15 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚАРАУЫЛ БАСШЫСЫ