Алматыда бүгін таңғы сағат 6-лар шамасында 3 қабатты тұрғын үй отқа оранды. Соның салдарынан 13 адам қаза тапты. Жалпы, үйде 72 адам болған, оның 59-ы эвакуацияланды.Оқиға орнына біздің түсіру тобымыз барып мән - жайды анықтап көрді.
Алматылықтардың бүгінгі таңы қаралы хабар естуден басталды. Мегаполистің орталығында орналасқан хостелден өрт шығып 13 адам қаза тапты. Оның тоғызы қазақстандықтар болса, қалған төртеуі шетелдік. Атап айтар болсақ, Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы.
НҰРЛАН АТЫҒАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСШЫСЫ
Нұрлан Атығаевтың сөзінше, хостел нақты жатақхана ретінде жұмыс істемеген. Әрі, жертөлесінің мақсатты қолдануын өзгерткен. Адам тұрғызуы заңсыз. Өрттен зардап шеккен 4 адам Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді.
БАУЫРЖАН ОМАРОВ ҚЖШККА ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Хостелде тұрып жатқандардың біразы білім алып жатқан студенттер, араларында жұмыс істейтін азаматтар да бар. Олар Қазақстан, Ресей, Йемен, Ауғанстан, Тәжікстан елінің азаматтары.
ХОСТЕЛ ТҰРҒЫНЫ
Алматы әкімдігі мәлім еткендей хостел бір жарым ай бұрын ашылған, ғимарат Halyk Bank-ке тиесілі. Банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген. Алматы қаласының жоғары оқу орындарымен студенттерді орналастыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған жоқ. Өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Алматы әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және қаза тапқандардың денесін тасымалдауға көмектесетін болады. Жерлеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша қаза тапқандардың туыстары мына байланыс нөмірлеріне жүгіне алады:
+ 7 707 779 07 08, +7 777 312 08 08.