"

Алматыда Бұқтырма көшесінің бойында туннель арқылы автокөліктер жүре бастады. Құлжа трактісі қилысындағы  жолайрық 4 жолақтан тұрады. Енді көлік торабының өткізу қабілеті 5 есеге артатын болады.

Алматы қаласының солтүстік-шығыс бөлігінің жүктелген көлік тораптарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып жасалынған жоба – Бұқтырма көшесі бойымен автокөліктің өту қабілетін 15%-ға, Құлжа трактісі бойынша 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

САҒЫНДЫҚ ТЕЛІБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МОБИЛЬДІЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ  «Тоннель ашылғаннан кейін жолайрығының айналма бөлігіндегі жүктеме азаяды. Бүгінде тоннель бөлігі ашылғанға дейін барлық көліктер айналма арқылы маневр жасады, мұнда жүктеме көбейіп, үлкен кептеліс пайда болды. Сондықтан 2018 жылы осы жолайрығын салу және Құлжа трактісі, Бухтарминская көшесі арқылы өтуді қамтамасыз ету және әуежайға қарай  көлік қозғалысын жеңілдету қажеттілігі туралы шешім қабылданды».

Халықаралық әуежайдан Алматы қаласына және қаладан Талғар мен Алатау сынды елді мекендерге қатынайтын көлік қозғалысы көпшіліктің жүйкесін жұқартқан болатын. Қарбалас уақыттарда қаладан ауылдарына қайтатын азаматтар уақытын,көлік кептелістерінде өткізеді.Енді тоннелдік бөліктер,айтулы мәселені реттеуге септігін тигізбек.

ХУРАМ МУРАДОВ «BAZIS CONSTRUCTION» ЖШС ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАСЫНЫҢ  ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ  «Түрксіб ауданындағы жолайрығын салу жөніндегі ірі инфрақұрылымдық жоба 31 қазанға дейін толық аяқталады. Бүгінде су құбыры желілерін абаттандыру және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Тораптың өткізу қабілеті 5 есеге жуық өседі, оны тәулігіне 340 мыңға дейін автомобиль пайдалана алады»

Жоба бойынша көгалдандыру жұмыстары қарастырылған, яғни, қазіргі таңда 60 мың шаршы метр өсімдік пен 200 әртүрлі ағашты отырғызу жұмыстары жүріп жатыр.