Алматы тауларында демалушылар көбеюде. Бұл өрт қаупінің арта түскенін аңғартады. Осы орайда ұлттық парк қызметкерлері қызу жұмысқа кіріскен. Толығырақ келесі бейнематериалда.
ШОЛПАН МАРАТҚЫЗЫ ЖУРНАЛИСТ
Бұл – Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Қазір бұл аумақта өрт қауіпсіздігінің төтенше класы белгіленгендіктен, орман қоры жерлерінде болуға және оны пайдалануға шектеулер қойылған. Үлкен Алматы орманшылық басшысының қарамағында 27692 гектар жер бар. Қалаға жақын орналасқандықтан, өрт маусымында тауда демалушылар көп. Сондықтан «Озерный» шатқалынан 17, «Казачка» шатқалынан 8 арнайы от жағатын орын дайындап, ескерту тақтайларында орнаттық, дейді Сайран Ұланұлы.
САЙРАН ҰЛАНҰЛЫ «ІЛЕ-АЛАТАУ» МҰТП МЕДЕУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҮЛКЕН АЛМАТЫ ОРМАНШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Тәртіп бұзушылық болмас үшін, біз алдын ала жұмыстар жасап жатырмыз. Кіре беріс посттан бастап, ескерту парақшаларын таратамыз. Одан кейін 13 инспектор жұмыс істейді. Әр инспектор өз аумағында ескерту жасап, алдын ала жұмыс жүргізеді. Құқық бұзушылық болмас үшін, заңбұзушылық болмас үшін алдын ала соларды ескертіп, жұмыс жасайды».
Қазіргі уақытта елімізге демалысқа келіп жатқан туристтер мен демалушы халыққа ақпарат тарату жұмыстары жүргізілуде. Заңға қарсы шыққандарға да арнайы айыппұлдар мен жазалар бар. Биыл жыл басынан бері 11 құқық бұзушылық тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырған, айыппұл салынған.
САМАЛ НАРЫНБАЙҚЫЗЫ «ІЛЕ-АЛАТАУ» МҰТП ЭКОЛОГ АҒАРТУШЫСЫ «Егер де, ұлттық парктің аумағында заңсыз от жағу, арнайы белгіленбеген жерлерде от жағу істері болған жағдайда, бұл әкімшілік құқықтық жазаға тартылады. Ол 367 батың 3 тармағымен айыппұл төленеді. Ол 100 АЕК. 369200 теңгені құрайды. Біздің ең негізгі мақсатымыз келешек ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Сол мақсаттың аясында дәрістер, экскурсиялар, табиғат қорғау тақырыбында».
От жағуға арналған жаңа, әрі арнайы орындар демалушыларға өте қолайлы. Халық енді өрт шыға ма деген қорқынышсыз, емін еркін, әсем табиғатта демала алмақ.
ЕРМЕК БЕКМҰРАТОВ ДЕМАЛУШЫ «Бүгін осы Алматы шатқалына демалуға келген едік. Соған өрт қауіпсіздігін сақтауға, қоқыс жинайтын орындар бетондап жақсы ұйымдастырып қойыпты. Бәрін істеп қойған екен. Табиғатты қорғайық өрттен. Бәрі жақсы болсын. Бұл өзіміздікі. Қазақтың жері. Бәріміз өз үлесімізді қосайық».
ДМИТРИЙ ОЛЕГОВИЧ IRONMOTO ИНСПЕКТОРЫ «Біз табиғи аумақтарда электробайкерлермен турлар жасайтындықтан, табиғатты қорғау заңнамасының бұзылмауын өте қатты қадағалаймыз. Яғни, бізбен шыққан туристтердің заң бұзбауын, өсімдіктердің өсіп өнуіне кедергі келтірмеулерін, еш жерде от жағып кетпеуін басты назарда ұстаймыз. Себебі, осындай табиғатта жақсы демалып, оны аялауымыз қажет».
Табиғатты қорғау өз қолымызда. Сондықтан айтылған ескертулерге құлақ асып, табиғатымызды аялайық дейді, орманшылық қызметкерлері.