"

Білім алушылардың бойына туған елге, Отанға деген құрмет пен отаншылдық құндылығын дарыту, кезек күттірмейтін мәселе.Бүгін Алматы қаласындағы №41 Абдолла Қарсақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің қабырғасында Республика күнінің құрметіне арналған «Еңсесі биік Қазақстаным» атты тәрбиелік мәні ашық сынып сағаттары   ұйымдастырылды.Онда жастар азаттық пен еркіндіктің, егемендік пен елдіктің  маңыздылығын дәріптеді. Бұдан бөлек білім шаңырағында «Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі орын алды. Жалпыреспубликалық «Атамекен» тақырыбында патриоттық диктант-конкурс, «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе жазу конкурсы оқушылардың қызығушылықтарын оятты.

ЛӘЗЗАТ БЕКБОСЫНҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ А.ҚАРСАҚБАЕВ АТЫНДАҒЫ №41 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

Абдолла Қарсақбаев атындағы  мектептің оқушылары түрлі білім сайыстарында жүлделі орындардан көрініп келеді. Оқушылардың айтуынша Отан біреу, оның қадірін білу, жалпыға ортақ парыз.

АЙДАНА ЕСІМЖАН ОҚУШЫ