Әсем қала Алматы қаңғыбас көше кезген ит-мысықтар үшін де таптырмас жайлы мекенге айналғандай. Адамдар көп шоғырланатын орындардан,көп қабатты тұрғын үйлердің маңынан жиі байқауға болады бүгінде. Қаламыздағы мақұлықтардың санын реттеуде атқарылып жатқан шаралар жайлы дайындалған материалға кезек берсек.

Итті жеті қазынаға,адамның сенімді серігіне жатқызады дана халқымыз. Алайда аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуы,қоршаған ортаға,адамдарға сондай ақ балаларға қабаған иттерден келетін қауіп те жоқ емес. Осыған орай қараусыз және қаңғыбас жануарлардың санын реттеу бойынша Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының "Қалалық ветеринарлық қызметі" жүйелі жұмыс жүргізеді. Бұл бойынша аулау, жануарларды уақытша ұстау пунктіне тасымалдаудан, тіркеуден, клиникалық тексеруден, кинологиялық сынақтардан тұрады. 

ҚАНАТ КӘКЕНҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ «ҚАЛАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ БАСШЫСЫ

ДАРХАН РАЗБАЙҰЛЫ ЖУРНАЛИСТ

Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша зарарсыздандырылған және вакцинацияланған жануарларды бұрынғы мекендеу орындарына қайта жіберіледі. Егер жануар айықпас ауруға шалдыққан болса немесе адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған препараттармен, дәрі-дәрмекпен (эвтаназиямен) ізгілік жолмен жансыздандыруға жатады.

ҚАНАТ КӘКЕНҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ «ҚАЛАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ БАСШЫСЫ

ЕРБОЛАТ АЙТБАЕВ ИТ АУЛАУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ВЕТЕРИНАРЫ

Аулау тұрғындардың  «109» құтқару қызметіне, 8 708 595 64 04 нөмірі бойынша Кәсіпорынның аулау қызметіндегі диспетчеріне, Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы және азаматтардың ресми өтініштерінің бірыңғай жүйесі (e-Otinish) арқылы өтініштері негізінде жүзеге асырылады. 

ДАРХАН РАЗБАЙҰЛЫ ЖУРНАЛИСТ