Бүгін таңертең Астана әуежайынан өрт шығып, адамдар эвакуацияланды. Аброй болғанда, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 76 адамы және 18 техникасы жұмылдырылды.
Бүгін, 27 ақпан таңғы сағат сегіздер шамасында 112-ге Астана қаласының халықаралық әуежайындағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. №1 және №2 терминалдар арасындағы галереядан қою түтін шығып, адамдар дереу эвакуацияланды.Төтеншеліктер  өртті сағат 8:24-те толық сөндірді. Салдарынан Астана халықаралық әуежайында рейстер кешігіп ұшты.

ТОЙГҮЛ ЖҰБАНЫСОВА АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАУЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:    
«Астана әуежайындағы жағдай тұрақты. Ішкі және сыртқы рейстердің ұшуына тіркеу басталды. Астана әуежайынан ұшатын 18 рейс (14 рейс Қазақстан ішінде, 4 халықаралық рейс) кешіктірілген еді».

Төтенше жағдай кезінде елорда әуежайында ҚР Көлік министрлігі  Азаматтық авиация комитетінің басшылығы, ҚР Авиациялық әкімшілігі және әуежай қызметкерлерінің қатысуымен оперативті штаб құрылып, жедел әрекет етті. Эвакуацияланған жолаушыларға салқын және ыстық сусын, жеңіл тағам ұсынылды.