Жол,су,жарық.Бұл ауылдық ағайын асыға күтетін инфраструктура.Шешімі табылып жатқан аймақтар өзгелерге үлгі болуы керек.Бет түзер ауылдардың тыныс-тіршілігі,қашанда басты назарда болуы тиіс.

Бұл Алматы облысы,Қарасай ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округі.Өңірлік мәслихаттың шешімімен 2013 жылы өз алдына елдімекен болған.Бүгінде округке қарасты төрт ауылда 20-мыңнан астам халық тұрады.Аудандық әкімшіліктің қолдауымен шешімін тапқан мәселелер көп,ең маңыздысы тіршілік нәрі мен жолдарды жасау, жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді.

ЕЛАМАН ӨМІРБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Жергілікті халықтың ауыз біршілігі жақсы,халыққа қажетті мәселелерді әкімдермен бірлесе отырып шешуге тырысады.

АМАНГЕЛДІ ТОЛЫМБЕКОВ  АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Қариясы бар елдің,дариясы бар.Осылайша ауылдың ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары аймақты басқарып отырған басшыларға жөн сілтеп,ақылын айтып отырады.Жастарға да өнеге көрсетуде.Мәселен әкімдік пен қазыналы қариялар бірігіп, «Үлгілі» ауыл жобасын қолға алды.Мақсат,өзге де аймақтарға бағыт-бағдар беру.Мерекелік іс шара аясында ұлттық салт-дәстүріміз дәріптелді.Ауылдың жетістіктері айтылып,тізе қосып еңбек етудің мағыздылығы сөз болды.

ҚҰРАЛАЙ САЙБЫРОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘЖЕЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ

Ауылына қарап,азаматын тануға болады.Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді.Әкімдік әлі де шешілмеген мәселеге мән беруді басты назарға қойған.

ЕЛАМАН ӨМІРБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ