Бүгін - Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыған орай Алматы қаласында Ахмет музей-үйінде «Ұлт ұстазының ұлықталуы» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Жиналғандар алаш қозғалысының қайраткерінің рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Сондай-ақ Ахмет музей-үйінде «Ұлт ұстазының ұлықталуы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған зиялы қауым өкілдері, Ұлт ұстазының жақын туысы Амандық Шаймерденұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер Байғали Есенәлиев пен мектеп оқушылары қатысты.
АМАНДЫҚ ШӘЙМЕРДИНҰЛЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУЫСЫ « Ахмет аталарыңның әкесі Байтұрсын менің атам Ақтастың туған інісі. Өздері 5 ағайынды болған. 5-қыркүйек туған күні атамыздың. Ахаңның есімі баяғыда көп жыл бойы 51 жыл аталмады ғой. Қазір Құдайға шүкір, мінеки өзінің халқына оралды. Бұлда бір еңбегі, қаншама жылдар қиналған еңбегінің жемісін берді деп есептеймін».
«Ахмет – Ұлт ұстазы» фильмінде басты рөлді ойнаған Байғали Есенәлиевтың айтуынша, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының образын сомдау мен–мен деген әрбір актердің арманы.
БАЙҒАЛИ ЕСЕНҒАЛИЕВ ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АКТЕР « Ахмет Байтұрсынұлы деген ұлы тұлғаның рөлін сомдау – замандастарымның қай-қайсысының болсада арманы болғаны даусыз. Сол бақтың маған бұйырғанына тағдырыма ризамын. Енді, бұған дейінде қаншама рөлдер жасап жұрмін ғой. Олардың бәрі бір төбе болатын болса, Ахаңның образы мен үшін бөлек, орны бөлек өмірімде. Оның себебі, Ахаңның бойындағы парасат биігіндегі сабырды табу, оп-оңай болған жоқ. Көп дайындықтар болды. Ол рөлге 100-ге тарта актер бағын сынады. Бұл халықтың қаншама жылдар бойы Ахаңа деген еселеп артқан махаббаты, ыстық сағынышы, Ахаңның тағдырының алдындағы әрбір қазақтың жүрегіндегі жатқан өкініш. Сондықтан да соның бір қылын шерте алсақ, халық аңсаған Ахаңды халықтың, көрерменімізге силай алған болсақ, ең үлкен орындалған мақсатымыз сол».
Сондай-ақ шара барысында Ахмет Байтұрсынұлына арналған «Ғасыр саңлағы» атты кітап таныстырылды.
РАЙХАН ИМАХАНБЕТ АХМЕТТАНУШЫ, АХМЕТ МУЗЕЙ-ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Әлбетте, ұлт ұстазы ұлықталуда оған нақты дәлел ретінде ол кісінің өміріне қатысты жазылып жатқан кітаптар. Мәселен, бүгін Ахмет Байтұрсынұлының горизонт және горизонт өркен баспасынан «Маса», «Қырық мысал», «Ерсайын», «23 жоқтау» жинағы шықты. Сонымен қатар, менің авторлығыммен «Асрин адамы» яғни «Ғасыр саңлағы» деген кітабымыздың тұсауы кесілді. Бұл «Ғасыр саңлағы» кітабының түркі тіліндегі нұсқасын шығарып берген біздің Түрік академиясы».