Бүгін таңғы 5-тер шамасында Ақмола облысына қарасты Еңбек ауылында үй өртеніп, 654 шаршы метр алаң қызыл отқа оранды. Оқиға орнына жеткен қызметкерлер өртті 2 сағат ішінде оқшаулап, толық жойды. Үйінділерді қопару барысында 1966 жылы туған азаматтың өлі денесі табылды. Өрт сөндірушілер төтенше жағдай жөнінде хабарламаның тым кеш түскенін айтады. Бұл өз кезегінде, қызыл жалынды ауыздықтауда қиындық туғызған. Осыны ескерген, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
АРЫСТАН ӘБІШЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: «Өртенген үй Целинная көшесі 53 мекен-жайында орналасқан. Оқиға орнына жеке құрамының 7 маманы мен 2 техникасы жіберілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр».