Ақмола облысында жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Заңсыздық Целиноград ауданында орын алды. Жергілікті прокуратура атқарушы органдардың қызметінде бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы тұрғысынан тексеріс жүргізген. Оның қорытындысы бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімдігі лауазымды тұлғаларының 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн. теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келгені анықталды.
МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: «Бұл факт бойынша Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігіне сәйкес аса ірі мөлшерде жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады».