Ақмола облысында он үш адам сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті. Қазір он екісінің қауіпті індетпен ауыратыны расталған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы әзірге орташа.Денелеріндегі жаралар әлі кете қоймаған. Емдеу орнына жеткізілген тоғыз адам Жарқайың ауданы Үшқарас елдімекеніндегі мал өсіретін шаруашылықта жұмыс істеген. Қалған төртеуі ауыл тұрғындары. Жақында осы серіктестікке тиесілі 32 сиырдың сібір жарасы індетімен ауырып өлгені анықталды. Қазір елдімекенде карантин жарияланғанымен, әлі заңды күшіне енбеген.
НҰРЛАН АҚЫЛБЕКОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Осыған дейін бір адам ауыр жағдайда болған. Қазір беті бері қарады. Ал сібір жарасын жұқтырғандармен байланыста болған 22 адам дәрігерлердің жіті бақылауында».