Ақмола облысында 7 млн теңгенің малын ұрлаған күдіктілер қолға түсті. Жақсы ауданына қарасты Белағаш ауылының тұрғыны мен жергілікті кәсіпкер белгісіз біреулерің төрт-түліктерін айдап әкекені туралы полицейлерге өтінішпен жүгінген.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Жақсы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қысқа мерзімде ірі ұрлық жасады деген күдікке ілінген топтың 4 мүшесін әшкерелеп, ұстады. Бір қызығы, ұсталғандардың бірі жәбірленушінің туған жиені болып шықты. Ол мал басының саны мен орналасқан жері туралы нақты ақпаратты білген. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ұсталғандардың төртеуі де Атбасар қаласының тұрғындары және ет өнімдерін сатып алушылар екені анықталды. Олар ұрланған қойлардың етін жергілікті дәмханаларға, ет сату дүкендеріне және жеке адамдарға сатқан. Барлық айғақтар арнайы тергеу іс-шаралары барысында расталды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Полицейлер ұсталғандардың аймақ аумағындағы басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

ӘЛИЯ БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ

Осы фактіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігі мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады және жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді. Аталған баптың станциясында мүлкі тәркіленіп 7 жылдан 12 жылға дейігі бас бостандығынан айырылу жазасы көзделген.