Ақтау қаласындағы бұрынғы жатақхана, қазіргі оңалту орталығында тұрып жатқан тұрғындар шағым айтуда. Олардың сөзінше, орталықтың басшылық құрамы жиналыс жасап, 31-ші желтоқсанға дейін бөлмені босатасыңдар деп ауызша ескертіпті-мыс. Қақаған қыста қуып шықса қайда барамыз деп алаңдағын жалғызбасты аналар мен көпбалалалы отбасылар жергілікті биліктен мәселені шешіп беруін сұрайды. Аталмыш мекеменің басшысы біз ешкімді қумаймыз, тек 4-ші қабаттағы тұрғындарға 5-ші қабатқа көшіңіздер деген ескерту жасадық дейді.

Бұл орталық бұрын жатақхана еді. Кейін мемлекет меншігіне өтіп, оңалту орталық болды. Махаббат Ізбасарова осы бес қабатты нысан жатақхана болып тұрған кезде бөлме алған. Көшіп келгеніне 1 жыл болыпты. Үй кезегіне тіркелгелі жатқан ол, жаңа баспананың кілтін алғанға дейін осы жерде тұруға мәжбүр. Қазір құжаттың жырымен жүр. Орталықтың ай сайынғы коммуналдық төлемдерін кешіктірмей өтеп жүрмін, - дейді ол. Бала-шағасымен қанғып қалмаудың қамын жасап жүрген жалғызбасты ана, орталықтан қуып шығама деп алаңдайды. Себебі жақында осындағы тұрғындармен жиналыс өтіп, бөлмені босатасыздар деген ауызша ескерту айтылыпты.

МАХАББАТ ІЗБАСАРОВА – ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА
«Мен өзім қатыстым сол жиналысқа. Сол кезде Ғалия деген юрист айтты. Біз желтоқсанда сіздерді шығарамыз деді. Соған дайын болыңдар деді. Сол кезде мен сұрақ қойдым. Шығаратын кезде ескертесіздер ме дегенімде, приказға қол қойылсын, біз ескерту береміз деді. Қарайған халық ол жалған нәрсені айтпайды ғой. Енді бұлар өздерінің әрекетін жоққа шығарып отыр ғой, жақсы оны өздері біледі. Бірақ бүгінгі жағдайға тағыда хабарсызбын. Еш жерде ештеңе жоқ, бүгін сағат 2 де естідім. 4-ші этаждан 5-ке көшесіңдер деді.

Махаббат Ізбасарова секілді басқада тұрғындар осындай уәждерін айтты. Олар төрттен бесінші қабатқа көшкілері келмейтіндерін мәлімдеді. Себебі ол жердің тазалығы сын көтермейді. Бөлмелердің есіктері қирап, су ағарлары дұрыс жұмыс жасамайтынға ұқсайды. Көшіргілері келсе басқа жатақханадан орын берсін деген талап қойды.

ГҮЛАЙЫМ САРИЕВА – ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА
«4-ші этаждан 5-ке көшіріп жатырғо. Ал мен 5-ке көшпеймін. Онда ешқандай жағдай қарастырылмаған. Ол жерде балкондарда есіктердің бәрі сынық. Қыстың уақыты, балдар қайта-қайта ауырып қалып жатыр. Екі күн жылу болмаса, үш күн ыстық су болмады. Алдында тіпті бір аптада ыстық су болған жоқ. Отоплениеде болған жоқ. Менің талабым мен өзім басқа жатақхана сұраймын».

Бұл нысан қазір 1-ші және 2-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оңалту орталығы болғанымен, бұрын жатақхана уақытында қалып қойған 200 ге жуық тұрғын әлі тұрып жатыр. Олардың коммуналдық берешегі 10 млн теңгеге жуықтады дейді мекеме басшысы. Ал жатақхананы босату жайында ешқандай әнгіме айтылмады деп отыр. Тек 4-ші қабаттан 5-ші қабатқа көшіру туралы ескерту ауызша айтылғанын растады.

АЙБАРША ОРДАБАЕВА- «ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ БАСШЫСЫ:
«Егер жатақханадан шығатын жағдай болған кезде біз уведомление беріп, кәдімгідей алдын ала ескертіледі. Біздің тарапымыздан ондай мәселе болған жоқ. 4-ші этажда тұрғындардың көбі босатылғандықтан, көп бөлме бос тұрғандықтан, біз бір этажға біріңғай қылып тұрғындарды орналастырайық деп 5-ші этаждағы бірнеше комната бос болғандықтан, 5-ші этажға көшуге тұрғындарға айттық».

Алаңдайтын еш негіз жоқ, жатақханадан ешкім қуылмайды. Ал бір қабаттан екінші қабатқа көшу мәселесі ол рет-ретімен шешілетін болады. Тұрғындармен келісіліп реттелен шарауа деді орталық басшысы. Коммуналдық төлемге келетін болсақ заң аясында тұрғындар қарыздарын өтеуі міндетті, - дейді Айбарша Ордабаева.