Ақтаудағы демалыс орындары инфрақұрылымның жоқтығынан дамымай, салдарынан туризм саласы ақсап тұр. Мәселен жылы жағалауда жол, су, электр энергия проблемалары әлі күнге дейін шешімін таппаған. Президенттің тапсырмасынан кейін жергілікті билік мәселені шешу жолдарына кіріскен. Мемлекет басшысы “керек болса, шетелдік инвесторларды тартып, туристер баратын орындарды Дубай мен Бакуден кем қылмау керек” деп жауаптыларға тапсырма жүктеді.
АББАТ ӨРІСБАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Алдымен біз жедел түрде инфрақұрылым мәселесін шешуге жұмыстанып жатырмыз. Оның алдында жасалып жатқан жұмысты жандандырып, тағыда күшейтіп, қаржысын ұлғайтып, үлкен жоспар құрып жатырмыз. Президенттің айтқаны өте орынды сын болды және біз содан сабақ алып, қазіргі таңда, тез арада өзіміздің жұмыс жоспарымызды құрып, жол картасы секілді, нақты тапсырмаларды тез арада іске асыру үшін, жұмысты бастап кеттік».