"

Ақтауда жантүршігерлік жағдай орын алды. 34 жастағы ер адам жеделсаты астында қалып, оқиға орнында қаза тапты. Қайғылы оқиға 24 қазанда түнгі мезгілде 3-ші шағын аудандағы ғимараттардың бірінде болған. Оқиғаның қалай болғаны видеоға түсіп қалған. Бұл жағдай дүкендердің бірінің ғимаратында тіркелген. Екі адам сөрелерден нан түсіріп жатқан. Бір кезде лифт құлап кетіп, ерлердің бірін шахтаға тартып әкетеді.Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі басқа зардап шеккендер түспегенін хабарлады.

ӘЙГЕРІМ ИБАТУЛЛАЕВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «34 жастағы ер адамға жеделсаты құлады. Аталған дерек ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТТБТ-де тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді».