Ақтаудағы шағын ауданның тұрғындары үй жанында бой көтеріп жатқан 3 қабатты кафе құрылысына қарсылық білдірді. Себебі айналасында көлік тұрақтайтын аумағы жоқ. Құрлыс иесі көпшіліктің пікірін тыңдамаған, рұқсат сұрамапты. Бүтін бір үйдің тұрғындары ауланың сәнін бұзып тұрған нысанды сүріп алып тастауды талап етті.
Бұл комфорт санатындағы үйден баспана аларда мердігер көпшілікке есік алдында көлік тұрағы болады деп уәде берген. Алайда кейін уақыт өте келе ауладағы ұлтарақтай жер телімі өзге біреудікі екені және ол жерге қоғамдық тамақтану орны салынатыны белгілі болған. Ауламыздағы көріністі жауып тастады әрі сәнін бұзып тұр, - деп ашынған тұрғындар шағымдарын білдірді.
МЕЙІРХАН СҚАҚОВ — АҚТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН: «Біз енді осы үйді алғанымызға екі жыл болды. Біз алғанда паспорт обьекті деген болады ғой, мына үйдің алдында мынандай ештеңе болған жоқ. Мынаның бәрі парковка болатын. Біз мына бизнес класс үй дегесін қызығып алдық. Енді үй бітуге жақындағанда мынау пайда болды. Бұған айтсақ рұқсатым бар деп шырылдайды. Акиматқа барсақ, анау мынау деп шығарып салады. Қарап жатырмыз, бізге дейінгі адам сатқан дейді».
НҰРБЕК ҚАЗТҰРҒАН АҚТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН: «Мына жерге ресторан вообще келмейді. Парковкасы сай емес. Ертең мына жерде машиндер пробка қылады. Біздің мына шлагбаумның астына машина қояды. Соның үстінде айқай болады. Вытяжкасы да дұрыс емес, тамақтың иісі үйге кіреді. Мусорын артына шығарады. Тышқан, құмырсқа үймелейді. Иесіне айтқанмын. Мынау заңсыз деп едім, менікі заңды деді. 30-40 машина сиятын парковкаң бар ма деп едім, бұрылып кетіп қалды. Жауап бере алмай қалды».
Тұрғындар әкімдік бұл орыннан жер телімін берер кезде бір қателік жібер. Шикіліктің бары анық деп отыр. Ал кафе қожайыны 3 қабатты тамақтану орнын салуға бекінген.
ШАЙХЫ ЖАРЫЛҒАСОВ АҚТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН: «Қарсы болып, қол жинап тұрғындар, облостнойға, әкімшілікке, ГАСКАге, жер инспекциясына бәріне хат жаздық. Прокуратураға артынан жаздық. Айттық, бір біріне хат жолдайды. Әкімшілік ГАСКАға жібердік, жер инспекциясына жібердік, дұрыспа, дұрыс емес па, соны бізге айтады дейді. Сонымен ешкім ештеңе шығарған жоқ. Ешқандай нәтиже жоқ».
Тұрғындар үй мен кафенің арасында адам өтетін орын жоқ екенін айтады. Шағымды барлық құзырлы орындарға тапсырған. Деседе әлі күнге дейін жауап алмаған. Әкімдікке қанша барсақта олар басқа жақта сілтеп жіберуден жалықпайды,-дейді шағым айтушылар. Алайда қалалық сәулет-құрылыс басқармасының мамандары ол жердің жобасын өзгерту мүмкін емес екендігін алға тартты.
БЕГАЛЫ ҚОЖАХМЕТОВ - АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: «2016 жылы, мемлекет мұқтаждығына керек болғандықтан, мемлекет сол жерді өз меншігіне қайтарған. Оның құнын бағалау ретінде 17-ші ш/а 26,1 учаскесін сол жаққа перенос жасаған.2021-шы жылы, бөлім тарапынан жобалауға арналған жобалауға арналған сәулеттік тапсырмасымен жобасы келісілген бөлім тарапынан 2021 жылы. Аталған мәселе бойынша енді тұрғындар тарапынан бірнеше арыз түсті. Тұрғындардың арызын басшылыққа ала отырып, МО прокуратурасына, ГАСКАға, жер инспекциясына хат жолдадық, құқықтық баға беру бойынша. Біз мына жерде келісуші орган болғандықтан біз кәсіпкердің құқығына кіре алмаймыз».
Мәселенің мән-жайы енді белгілі болды. Дауға айналған жер тілімі үкіметтен берілген екен. Бұрын кафе қожайынында 4-ші шағын ауданында дәл осы көлемде жер учаскесі болған. Әкімдік заңға сүйене отырып, мемлекетке жер орнын қайтарып, кәсіпкерге 17-ші шағын ауданындағы жерді берген. Мұндай шу мағанда керек емес дейді камера обьетивіне ілінгісі келмеген кафе иесі. Ал шағым айтқан тұрғындар мәселені шешу үшін соңына дейін баратындарын айтты.