Айдың күннің аманында Ақтаудағы бірнеше үйде екі тәулік бойы электр қуаты болмай, тұрғындар далада самаурын қайнатып, ас ішті. Ашуға булыққан 33-ші шағын аудан тұрғындары түн ортасында жолды жауып, атқамінерлерді аяқтан тік тұрғызды. Себебі амалдың жоқтығынан осындай қадамға баруға мәжбүр болғандарын айтады. Сюжет көрейік.
Тоқтың тәуліктеп жоқ болуы, осындай әрекетке әкеліп соқтырды. Тұрғындар далада от жағып, ас ішкен. Электр қуатын күте-күте шаршаған қараша халық, түн ортасында жолды жауып тастауға мәжбүр болған. Электр желісіндегі апат бір емес, бірнеше жерден болған. Салдарынан 500-ге жуық пәтер жарықсыз қалған. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы тұрғындардың айтуы бойынша тоқтың мезгілсіз өшуі бірінші рет емес екен.
ОРЫНХАН АЙДАШЕВА ТҰРҒЫН
«Дұрыс емес қой осылай жұмыс істеуі. Лифтіміз істемей тұр. Қазір мен жаяу түстім. Қазір жаяу көтерілуім керек. Подъезде свет жоқ. Мәселе сол».
АЙГҮЛ ҚЫЗЫЛБАЕВА ТҰРҒЫН
«Бізде жарық жие сөнеді. 5-6 сағаттан сөнеді. Біз оған көнеміз. Енді кеше тіпті шеттен шығып кетті. Екі түн, бір күн свет болмады. Бала шаға магазиндегі мұздай пирожки мен мұздай суға тойды».
33 шағын ауданындағы мына үйлер тоқ болмаса ас-суын қайната алмайды. Себебі газ әлі күнге дейін берілмеген. Жалпы тіршілік тоққа тәуелді. Ал қаладағы электр желісінің сапасын айтатын болсақ, 80 пайыз тозығы жеткен. Салдарынан осындай апаттар жие тіркеледі.
ҒАЛЫМЖАН СЕРІКБАЕВ: АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Үйді2021-ші жылы қабылдадық. Тек домның өзін қабылдадық. Ал инженерный сетьттерін әлі қабылдаған жоқпыз. Құрылыс бөлімі салды оны, документтерін жинақтап, бізге тапсыру қажет. Біз содан кейін барып управление энергетикаға береміз. Энергетикадан тиісті мекемелерге тапсырамыз оны»
Әзірге тоқ тек пәтерлерге ғана берілді. Ал жедел сатылар іске қосылған жоқ. Подъезд ішіндегі жарық та дәл солай. Мамандар электр желісін қалпына келтіру үшін екі аусыммен жұмыс жасап жатқандарын айтты.