Ақтау қаласындағы Шығыс-2 шағын ауданында ыстық су мен жылу жоқ. Қаладағы жылыту маусымы іске қосылғалы біраз уақыт болса да 379-380-ші үйлердің тұрғындары,аталмыш мәселенің қызығын көре алмай отыр. Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты баспана іші салқындаған. Қарапайым қызмет түріне жарымаған қалалықтар өздерінің шағымын айтты.
Жаз бойы суға зар болған тұрғындар күзде мәселе болмас деп үміттенген. Алайда сенімге су сепкендей болды. Себебі жазда ауыз су жоқ деп шағымданған ағайын күн салқында ыстық су мен жылу жоқ деп отыр. Бұл проблема Ақтаудағы Шығыс-2 шағын ауданындағы 379-380-ші үйде тіркелді. Тұрғындар жылудың жоқтығынан пәтерлерінде бүрсең қағып жүргендерін айтады.
ҒАЛИЯ СҮЙІНДІКОВА -ТҰРҒЫН: «Жылу жоқ. Өткен жылы үндеген жоқпын. Болатын шығар дедім. Биыл енді суық. Адамдар тоңып жүр. Балалар ауырып жатыр. Каждый раз пневмания, ана бала, мына бала ауырады. Әр үйде 5-6 баладан бар. Бір күн әстеп қоя қойса екен. Жылда қайталанып жатқан зат».
МАРИЯ САЯСАТҚЫЗЫ -ТҰРҒЫН: «Жазда жоқ. Бізде үшінші этажға көтерілмейді. Сығырайып ағады. Напоры жоқ. Бірінші этажға жақсы. Төртке жетпейді. Судың проблемасы бізде жыл бойы. Солай келе жатырмыз неше жыл болды? Жыл бойы су жоқ. Сатып аламыз 5-10 литрлеп».
Аталмыш мекен жайдағы үйлер 7 жыл бұрын пайдалануға беріліпті. Осыншама уақыт өтседе үйді салған мердігер мекеме су құбырын меншікке өткізбеген. Құбыр жарылып немесе басқада проблема бола қалса, ешкім оған бас ауыртпайтын сыңайлы.
БЕКБОЛ ДАБЫЛОВ - "АЛИМАР- ҚҰРЫЛЫС" ЖШС ИНЖЕНЕРІ: «2 км 240 метр ЖЭК-тің мойынында тұр. Негізі ЖЭК қарамайды. Заңға да сыймайды ЖЭК қарайды деген.Өйткені қазатын техникасы, бригадасы жоқ. Қыркүйекте су бергенде жарылды, жарылған жерін жасап жатырмыз. Су берердің алдында 3-4 күн бұрын тағы порыв болды. Бір емес екі жерден».
Бұл мәселені қала басшылығы біліп отыр екен. 2 шақырымның үстіндегі құбырыды жөндеуге "Каспий жылу су арнасы" мекемесімен қалалық әкімдік кепілдік арқылы келісімге келген. Аталған үйлердің құбырында ахау көп сондықтан да жөндеу жұмыстары ұзаққа созылған.
НҰРАДДИН КӨШЕРБАЕВ – АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Қазіргі таңда бұл құбырдың иесіз болуына байланысты. Қызмет көрсетуші мекемелердің жағдайы көтермейді. Тұрғын үй коммуналдық бөлімінің атынан КЖСА кепілдік хат берілді. Сол хат негізінде бүгін КЖСА қолға алып жатыр. Бұл жерде де қазір екі ахау анықталып отыр. Сондықтан бүгін-ертең жасалу жоспарланып тұр. Жасалғаннан кейін іске қосылады. Ал, алдағы уақытта иесіз жатқан құбырды жергілікті атқарушы орган теңгеріміне алып, ары қарай КЖСА беру жұмыстары жүріп жатыр».
Әрі тартсаң арба сынады, бері тартсаң өгіз өледі деп жүргенде далада жатқан құбыр қараусыз қалған. Бір сөзбен айтқанда ешкімге керек болмапты. Енді мәселе туындағаннан кейін қаладағы құбырларға қызмет көрсетуші мекемелерге өткізу жұмыстары қолға алыныпты. Ал тұрғындарға соңғы пайда болған екі жердегі ақаудың жөнделуін күтпестен басқа амалдары жоқ.