"
АҚШ-ғы президент сайлауы әлемді аузына қаратқан саяси додаға айналды.Ел тарихындағы 60-шы президент сайлауына, 47-ші президентті ақ үйдің тағына отырғызбақ. Айтулы шараға 6 кандидат қатысқанымен негізгі саяси тартыстың басты кандидаттары - республикалық партиядан Дональд Трамп және демократиялық партиядан Камала Харристің арасында өтті. Америка құрама штаттарында электоралды дауыс беру жүйесі пайдаланылады. Оған сәйкес бүкіл АҚШ аймағы бойынша 538 электоралды дауыс белгіленген. Ол, ел астанасы Вашингтон мен 50 штатқа, ондағы халық санына байланысты пропорционалды бөлінген. Мұхиттың арғы жағында өткен бүгінгі сайлаудың мән-жайын Америкада білім алып жатқан әріптесіміз Бауыржан Бақытбекұлынан білген едік.
БАУЫРЖАН БАҚЫТБЕКҰЛЫ ЖУРНАЛИСТ
АҚШ-та өткен сайлау науқанын бүкіл әлем бақылап отыр.Енді жеңіске жеткен жаңа президент Американың геосаясаттағы, экономикалық бағыттағы және ел ішіндегі ішкі саясаттағы бағдарын өзгертуі мүмкін.
БАУЫРЖАН БАҚЫТБЕКҰЛЫ ЖУРНАЛИСТ