Еске сала кетсек, Гавайи аралының Лахайна қаласында жуырда орман өрті орын алған болатын. Екі апта ішінде өрт орын алған аумақта 3000-ға жуық үй жануары жоғалып кеткен. Жоғалған жануарлардың иелерінен құтқарушыларға 600-ге жуық өтініш түскен.
Мауи аралының құтқарушылар қоғамы оқиға орны анықталғаннан кейін, бірден іздеу жұмыстарын бастаған. Олар қазір қатты күйік шалған жануарларды тиісті орындарға жеткізуде.
ДЖЕННИ МИЛЛЕР ҰЙЫМ ӨКІЛІ «Бізге әкелген жануарлардың ішінде өрттен алып шыққан 1 ит бар. Бірақ, өкінішке орай оның барлық саусақтарын күйік шалған». Үй жануарлары туралы ақпарат күн сайын өзгеруде. Мамандар қазірдің өзінде 500-ге жуық мекен-жайды тексеріп үлгерді. Бірақ, ол жерлердің көпшілігінде тек күл үйінділері ғана кездескен.
ДЖЕННИ МИЛЛЕР ҰЙЫМ ӨКІЛІ «Анықталған мекен-жайлардан айтарлықтай ештеңе таппадық. Ол жерлерде тіпті үй де жоқ. Бұл жерден тілсіз жаудан адам шығыны көп болғанын түсінуге болады».
Дей тұрғанмен, үй жануарларының иелері үмітін үзбейді. Себебі, кейбір үй жануарлары өз иелерімен қайта қосылуда екен.
ДЖЕННИ МИЛЛЕР ҰЙЫМ ӨКІЛІ «Менің ойымша, алдағы уақытта сегіз кездесу болады. Бұл жерде тек үміті үзілмеген адамдар жүр. Барлығы жоғалтқан жануарларының тірі екеніне сенімді және жақында табылады деген үлкен үмітте.».
Айта кетейік, 8 тамызда болған орман өрті 2200 үй мен кәсіпорындарды қиратты. Жүздеген адам із-түссіз жоғалып кетті. 114 адамның қайтыс болғандығы расталды.