Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданында айналма жолды су шайып кетті. Оның зардабын бес ауыл тұрғындары тартып отыр. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Бұл Переметный ауылы маңында орналасқан Атамекен, Шалғай, Зеленый, Егіндібұлақ ауылдарына Деркөл өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу кезінде уақытша салынған айналма жол болатын. Толассыз жауған жауын салдарынан өзеніндегі су деңгейі 2 жарым метрге көтеріліп, айналма жолды шайып кеткен. Қазір 8 техника мен жұмысшылар қайта қалпына келтіріп жатыр.
БОЛАТБЕК АХМЕТЖАНОВ БӘЙТЕРЕК АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Перемётный ауылына іргелес қоныстанған 4 ауыл Атамекен, Шалғай, Егіндібұлақ, Зеленый тұрғындары бұл жайтқа наразы болып отыр».
КЕНЖІБЕКХАН МЕНСЕЙТОВ АТАМЕКЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Халық қалаға, я ауданға жете алмай проблемалық аймақты бірнеше ондаған шақырым жолмен айналып өтуде. Осындай ұзақ жолмен ауруханаға қалай жетеміз? Күнделікті азық-түлік алу керекпіз. Масқара!».
Жол қатынасын жеңілдету мақсатында салынған өткелге қатысты көпшілік сын айтса, ауыл тұрғындарының бірі "Шыдамымыз таусылды. Жаңа көпір құрылысы қашан бітеді? "-деп сұрады.
ТАЛҒАТ СӘДУАҚАСОВ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ:«Қазіргі уақытта қалаға және аудан орталығына қатынас Зеленое ауылы маңындағы Деркөл өзені үстінен өтетін көпір арқылы жүзеге асуда».