Жаугершілік заманда әр қазақтың аты белдеуде, бес қаруы керегенің басында болған. Осы бес қарудың бірі – садақты ерлер ғана емес, әйелдер де қолдана білген. Бірі адырнасын сайлап, аңға шықса, екіншісі соғыста жаудың бетін қайтарған. Кейін заман өзгеріп, адам дами келе көптеген дүниелер қолданыстан шыға бастады. Алайда ұлттық құндылығымыз қайта жаңғырып келе жатқаны жасырын емес. Сондай бекзат өнерді насихаттап жүрген садақшы қыздардың бірі маңғыстаулық Рима Атабаева.
Садақ ату спортына ерекше мән беріп, сәнге айналдыруды мақсат еткен Рима Атабаеваның алғаш рет садақтан оқ ұшырған сәті әлі де көз алдында. Бастапқыда кірісті тобыршақтан шығарып алып, адырнаның иінін келтіре алмаған сәттерін күліп еске алады. Садақ атып үйренуге деген зор құлшынысы бала күнінен бар әдеті екен.
РИМА АТАБАЕВА – САДАҚ АТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
«Бұл садақ атудың ерекшеліктері адамды ептілікке, ұқыптылыққа, төзімділікке, бауырмалдылыққа тәрбиелейді деп айта аламын.00:57+00:09 Жалпы спорттық бұл ойындардың ішінде адамға, басқа түскен қайғы қасіреттерге қарсы тұра білетін, күресе білуге шыңдайтын спорттық ойындар. Сол арқылы жастардың қандай жағдай болмасын, үмітсіздік тұманында адасып жүрген, қазіргі қоғамда көбейіп бара жатқан суйцид немесе тағы да басқа қылмыстық жағдайларға бармауына ықпал ететін бірден бір осы спорттық ойындар деп айтсам болады».
Кейіпкеріміз Маңғыстау облысындағы Ұштаған ауылының тумасы. Көз ашқалы төрт түлікті көріп өскен ол, мініс аттарын тақымдап,шабуды жаны сүйеді. Алайда ат үстінде садақ атып көрмепті. Садақшы қыздың ендігі мақсаты - қос өнерді ұштастыру арманы.
РИМА АТАБАЕВА – САДАҚ АТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
«Өзім жалпы атқа мінемін. Бірақ енді садақпен екеуін ұштастыра қойған жоқпын. Түйеге бала кезімде міндім. Аттың үстінде отырып жанба ату өзімнің жоспарымда бар бұйыртса. Болашақта соны қолға аламын деген ойдамын».
Риманың негізгі қызметі- ІТ мектеп-лицейінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Бос уақытында садақ ату орталығына келіп, шәкірттерімен жаттығады. Оларды мергендікке баулып, қырағылыққа үйретеді.
АСЫЛТАС БЕКБОЛАТ «Негізі мен садақ атуға келгелі бері достарыма, сыныптастарыма мен осындай садақ атуға келдім, садақ аттым, әкем садақшы деп айттым. Олар қызыға бастады. Қай жерде, қайда атасың, садақ қандай?-деп. Қасиеттерін, ерекшелігін сұрап бастады. Мен оларға айтып бердім».
“Адайдың амазонкасы” лақап атымен танымал Рима Қайырғалиқызы алда өтетін сайыстарға дайындықты пысықтауда. Қазір қызу дайындық үстінде.