Елдің елдігін айшықтап,бірлігін нығайтатын Наурыз мерекесі еліміздің әр өңірінде тойлануда. Ақтың молдығын,мал мен бастың амандығын тілеген, қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптеуге, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған шара жайлы тарқатсақ.
Алматы облысы,Тұрар Рысқұлов ауылында өткен мерекелік іс-шараға ауыл тұрғындары,абыз ақсақалдар мен қатар құрметті қонақтар қатысты.Ұлыстың ұлы күні ақшаңқан киіз үйлер тігіліп,мәдени шаралар ұйымдастырылды.Қазына кеуде қариялар елдің сәнін келтіріп түйеге мініп көпшілікке керемет көрініс тарту етті. Ақ жаулықты,ақ кимешекті аналар жамандық жоламасын,ел мен жер бәле жаладан аулақ болсын деген ырыммен аластап, көпшілікке молшылық болсын деп шашу шашты.
МАТАН БЕКБОСЫНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
МЕРКІБАЙ МОЛДАМҰРАТОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР ҚАЛАСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұл күні жақсылық пен қуаныш салатанат құратын сәт. Меркелік шара барысында ауыл мен ауданның өркендеуіне үлестерін қосып жүрген азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.
БЕЙБІТКҮЛ МҰХАМЕДЖАНОВА Т. РЫСҚҰЛОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
АЙГҮЛ ЖАҢҒАБЫЛОВА Т.РЫСҚҰЛОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Қазақ халқының қонақжайлылық салты да паш етіліп,қонақтарға бауырсақ, қымыз, қазы-қарта ұсынылып, қазақтың асханалық дәстүрінің үздік үлгілері көрсетілді. Бейбіт күннің бақытты бүлдіршіндері жиналған көпшілікті ән әуезінде тербетіп,тәуелсіз елдің аспанын шаттыққа толтырды.
КҮЛСӘРА ӘНӘПИЯЕВА АРДАГЕР ҰСТАЗ ЗЕЙНЕТКЕР
Ұлыстың ұлы күні ұлттық мәдениетімізді дәріптеу, салт-дәстүрімізді насихаттау – қоғамның рухани кемелденуіне үлкен үлес қосатыны сөзсіз.