БҚО да жол жөндеу жұмысы бойынша өткен жылдың қорытынды статистикасы көңіл көншітпейді. 180-ге жуық мердігерге ескерту жасалса, оның 90-ы қатаң бақылауда. Айта кетсек, биыл облыста 500 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланған.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орталық аппарат мамандары әр өңірде оқу-семинарларын өткізуде. Мұнайлы өңірде болған мониторингтік топтың жұмысы Батыс Қазақстан облысында жалғасты.

СЕРІК АРОН «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» РМК ОРТАЛЫҚ АППАРАТТЫҢ ӨНДІРІСТІК ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Жол құрылысы жұмыстары таяу арада басталмақ. Бұл аралықта жобаны іске асыру кезінде орталықтың зертханасында құрылыс материалдарына талдау жасалады. Мердігерлер жыл сайынғы бақылау шарасына салғырт қарайтын көрінеді.   

АБЫЛАЙХАН АЛШИНБАЕВ «ЖОЛ АКТИВТЕРІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» РМК БҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Өткен жылдың қорытындысы бойынша статистика көңіл көншітпейді. 180-ге жуық мердігерге ескерту жасалса, оның 90-ы мамандар бақылауында. Облыс әкімі де мердігерлердің қызметін назарда ұстап отыр. Маусымдық жұмыстар таяуда басталады. Біздің мекеме құзырындағы қызметтерді білесіз. Тапсырыс беруші, құрылыс мекемелерімен байланыса отырып, тасымалданған құрылыс материалдарын зерттеп, талапқа сай келетіні жөнінде қорытынды береміз».

Бүгінде материалдың 40 пайызы тасымалданыпты. Биыл аймақта аудандық және облыстық маңызы бар 502 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Бұл жұмыстарға қазынадан 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. 
  
БАУЫРЖАН АЙТМАҒАНБЕТОВ БҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Сала мамандарының айтуынша, биыл аудандық және облыстық маңызы бар 500 шақырым жол жөндеуден өтеді. Егер жоспар орындалса облыс жолдарының сапасы 52 пайыздан 58 пайызға көтерілуі мүмкін.