БҚО 6 білім нысаны мен 3 жоғары оқу орнында эвакуациялық пункт дайындалды. Қосымша тағы 164 эвакуациялық пункт ашуға мүмкіндік бар. Ал, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары қазір инфекциялық аурулар мен ауыз суға толыққанды зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тұрақты кезекшілік атқаруда.

ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Орал мен Жайық жағалауының аудандарын есептегенде жалпы 130 мектеп бар. 15 сәуірден бері оның 103 мектебі қашықтан оқу үрдісіне ауысты.  75 600 оқушы қазір онлайн форматта оқып жатыр. Сондай-ақ, Ақжайық ауданының 33 мектебі дәстүрлі түрде оқытылып жатыр. Облыстық білім басқармасының басшысының сөзінше 80-ге тарта педагогтің аттестациядан өту мерзімі кейінге шегерілді.

АЙГҮЛ МЫҢБАЕВА БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бөрлідегі Ақсай қаласының №8-ші және Теректідегі Подстепный №1 мектебі келесі айда өтетін білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторинг тізіміне кірмейді.