Алматы қаласындағы БҰҰ ғимаратында,еліміздегі археологиялық қазба жұмыстарының жағдайы талқыланды. Онда ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ескерткіштердің сақталуы бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы баяндалып, шетелдік және отандық ғалымдар пікір алмасты.
Ғылыми-практикалық семинарға АҚШ, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен келген білікті мамандар қатысты. Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалардың тарихы мен мәдениеті арналды.Осыған байланысты жергілікті органдардың назарын аудару,кейінгі буынға осы құндылықтарымыздың маңыздылығын жеткізу біздің негізгі мақсатымыз дейді «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорының директоры.
ГҮЛМИРА МҰҚТАРОВА «ЕСІК» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХА-МӘДЕНИ МУЗЕЙ- ҚОРЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Кәзір семинар өтіп жатыр. Өте құнды мәліметтер алып отырмыз. Қатысып жатқан ғалымдарымыздың өздері Талғар-Қойлық ескерткіштерін зерттеуге тікелей қатысқан мамандар болғандықтан,осы ескерткіштерді сақтаудағы өздерінің құнды ұсыныстарын ұсынып жатыр. Талғар-Қойлық қалашығын ары қарай музейлендіру,консервациялау қалпына келтіру жұмыстарын жасау біздің алдымызда тұр».
Көне Талғар қалашығы құрып кетудің алдында тұрған ескерткіштерінің тізіміне енгізілген. 2018 жылы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының балансына өткен соң, Талғар қалашығын қалпына келтіру,сақтау бойынша ауқымды шаралар жүргізілген. Осындай құндылықтарын шет мемлекеттер қалай сақтап отырғанымен тәжірибе алмасу біз үшін өте маңызды дейді министрліктің өкілдері.
ЖАНАТ СЕЙДАЛИЕВА ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ, МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Осы мәселелер бойынша шетелдіктердің де пікірлері бізге маңызды. Олар өздерінің обьектілерін қалай сақтап,қорғап отыр. Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген обьектілерді сақтаудың ЮНЕСКО алдындағы міндеттемелерімізді дұрыс орындауға септігін тигізетін болады. Жалпы Халықаралық тәжірибеде бар бүкіләлемдік мұра ескерткіштерінің аумағында электр жүйелері жүргізілмеу керек деген сияқты. Бүгінгі шара осы мәселелерді шешудің жолы деп айтсақ болады».