Сәрсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Йемендік хуситтерден Қызыл теңіздегі кемелерге шабуыл жасауды дереу тоқтатуды талап етті. Сондай-ақ ол Galaxy Leader жүк кемесін де босатуға шақырылған резолюцияны қабылдады. Жук кемесі Жапония туымен жүргенімен, ол Израильдік бизнесменмен байланысты екен. Кеме былтырғы қарашадан бастап тұтқында. Бортта 25 адамнан тұратын экипаж болды. Резолюция үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 11 мүшесі дауыстарын берді. Ал вето құқығы бар Ресей мен Қытай дауыс беруден бас тартты. Қарсы бірде-бір дауыс болған жоқ.
ЛИНДА ТОМАС ГРИНФИЛД АҚШ-ТЫҢ БҰҰ-ДАҒЫ ЕЛШІСІ : «Қызыл теңіздегі кеме қатынасы құқықтары мен бостандықтарына қауіп.Бұл жаһандық жауапты қажет ететін сынақ».
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі резолюцияны қабылдау арқылы Қызыл теңіздегі және басқа аудандардағы коммерциялық кемелерді Хуситтердің шабуылынан қорғайтын АҚШ басқаратын жедел топқа қолдау білдірді. Шабуылдар теңіз саудасын бұзып, кейбір жүк тасымалдау компанияларын Қызыл теңізді айналып өту үшін ұзағырақ маршруттарды таңдауға мәжбүр етті. Бұл энергия мен азық-түлік бағасының өсуіне әкелуі мүмкін. Хусит өкілі БҰҰ резолюциясын "саяси ойын" деп атады және АҚШ халықаралық құқықты бұзды деп мәлімдеді. Хуситтер-азаматтық соғыс кезінде Йеменнің көп бөлігін басып алған Иранмен байланысты содырлар. Олар ХАМАС исламистеріне қолдау көрсету үшін Израильмен байланысты немесе Израиль порттарына бет алған кемелерге шабуыл жасауға уәде берді. Газадағы әскери операция аяқталғанға дейін мұны жалғастырамыз дейді. Айтуынша, шабуылға ұшыраған көптеген кемелердің Израильге ешқандай қатысы жоқ.