Германияда 30 градусқа дейінгі аптап ыстық орын алып, әйгілі немістің Роттер көліне келушілердің қатарын көйбейтті.Сондай-ақ улы көк-жасыл балдырлардың белең алуына әсер етуде. Соның салдарынан, шомылу аумағы да жабылуға жақын тұр.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай балдырлар адамдар мен жануарларға қауіп төндіреді.

РАЙНЕР МЕЙЛИКЕ ЗИГБУРГ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Бұл адам өмірі үшін өте қауіпті. Егер балалар немесе жүкті әйелдер суды жұтып қойса, олар токсинді сіңіреді де, бауырына, бүйрегіне немесе жүйке талшықтарына зақым келтіреді».

Тұрақты күн сәулесі, аммоний нитраты және фосфаттың арқасында көк-жасыл балдырлар тез көбейеді.

РАЙНЕР МЕЙЛИКЕ ЗИГБУРГ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Бұл өте төзімді токсин. Тек балдырлар кеткенде ғана жоғалады. Егер көбірек жел немесе үлкен дауыл соқса желдің бағыты өзгеріп, балдырлардан құтылуымыз мүмкін. Сонда ғана, бактериялардың метаболизмі тоқтайды».

Демалушылар шомыла алмайтындарына ренжулі. Бірақ, бұл олардың табиғатта тынығуларына кедергі болмайды.

ЮЛИЯ ВЕРВЕЙН ДЕМАЛУШЫ:
«Кешіріңіздер! Бірақ мен әлі де күнге қыздырынып жатамын. Балам құмда ойыншықтармен ойнайды. Кейде ауа райы жақсы болған кезде, шомылғанды да ұнатамыз. Алдағы уақытта жағдай өзгереді деп үміттенеміз».

КАТЯ ПЕТЕРЕЙТ ДЕМАЛУШЫ:
«Егер суға түсуге рұқсат етілмесе, мен қарсы болмаймын. Бірақ, тағы да демалуға келемін. Бұл – табиғат. Сондықтан, бәрі мүмкін. Оған ренжігеніміз орынсыз болар».

Көлді физикалық тұрғыдан тазарту мүмкін емес. Енді жергілікті тұрғындар мен билік өкілдері тек ауа райына ғана үміт артып отыр.