Үндістанның Гималай тауларында опырылған туннельде қалып қойған ондаған құрылысшыны құтқару жұмыстары жүргізілуде. Ішінде 40 адам бар. Олар жексенбі күні таңертеңнен бері сонда жүр.
ЖҰМЫСШЫНЫҢ ТУЫСЫ «Біз құтқарушылардың жұмысына көңіліміз толмай отыр, себебі жұмыс өте баяу. Апат болғаннан бері 60 сағатқа жуық уақыт өтті, бірақ құтқарушылар істеу керек нәрсені жасаған жоқ».
МОХСЕН ШАХИДИ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТКЕРІ «Қоқыстарды алып тастауға күш салынуда. Жоғарыдан тастар жиі құлап жатқандықтан қиындық туғызуда. Біз жұмысшыларға жету үшін болат құбыр төсеп, оларды одан өткізіп жатырмыз».
Ұзындығы 4,5 шақырым болатын бұл туннель Уттаракханд штатында индустар үшін маңызды қажылық жолы өтетін ұлттық тас жолдың бойында салынып жатыр. Опырылған кезде оқиға орнында 50-60 жұмысшы болған. Шығуға жақын тұрғандар шыға алған. Іште қалғандардың жағдайы жақсы дейді. Олар тірі оларға ауа, су, азық-түлік құбыр арқылы жеткізілуде.