Фермер Клеантис Грекияның солтүстік-шығысындағы ауылда ешкі шаруашылығының көп бөлігін жоғалтты. Ол, өңірдегі екі аптадан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан орман өртінен зардап шегіп отыр.
Тілсіз жаумен күресуге жүздеген өрт сөндіруші мен қатар арнайы ұшақтар жұмылдырылған. Алайда Еврос аймағындағы жалынды сөндіру мүмкін болмай отыр. Бұл апат Еуропадағы жазғы маусымдағы ең қауіпті өрт болып танылды. Салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты. Жалын шарпыны сондай-ақ Дадиа-Лефкими-Суфлион қорығында жүздеген үйді қиратып, қалың ормандарды өртеп жіберді.Клеантис өткен жылы орман өрті салдарынан қорасының жартысы өртеніп кеткенін айтады. Бірақ жануарлар аман қалған.
КЛЕАНТИС РАПТИС ФЕРМЕР: «Ештеңе қалмады. 35 жануар тірідей жанып кетті. Қалғандарын күйік шалған. Білмеймін олар аман қалады ма. Әрі қарай не істерімізді білмейміз».
Еуроодақ Грекияға қазірдің өзінде 12 ұшақ, 400 өрт сөндіруші және 60 көлік жіберді. 2000 жылдан бергі дала өрті туралы деректерді тіркей бастағаннан бастап Еуроодағындағы ең үлкен өрт болып саналды. Елдің солтүстік-шығысындағы 81 мың гектардан астам аумақты қызыл жалын шарпып өткен.
БАЛАЗ УЙВАРИ ЕУРОПАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ӨКІЛІ: «Еурокомиссия қазір Еуропадағы азаматтық қорғаныс механизмі арқылы әртүрлі фронттардағы көмек көрсету шараларын үйлестіруде. Әсіресе Грекиядағы Александруполисте біз бұрын-соңды болмаған ең үлкен орман өртімен бетпе-бет келіп отырмыз».
Грекиядағы жазғы орман өрттері жиі орын алғанымен, соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған аптап ыстыққа байланысты тілсіз жаудың саны артқан.