Данияда «Вастлавья тоқаштары» атты мереке басталды. Әдетте бұл мереке ораза алдында тойланады. Бірақ, тұрғындар биыл тәттілерді карнавалға дейін сатып ақпанның аяғына дейін жалғастырмақ. Дат кондитерлері әр түрлі салмасы мен әрлеулерді ойлап тауып, жылдан-жылға бәсекеге түсетін көрінеді.
Ларс Жууль Копенгаген кондитерлік дүкенінде 27 жыл жұмыс істейді. Ол 1870 жылы ашылған. Сол себепті, Даниядағы ең көне дүкен болып саналады. Ларстың айтуынша, Вастлавья тоқаштары әсіресе пандемия кезінде танымал болған. Биылғы маусымда олар өрік, алма және қара өрікпен, содан кейін кілегеймен толтырып, бетін әртүрлі безендіріп күніне мың данадан пісіруде.
ЛАРС ДЖУЛ КОНДИТЕР АСПАЗШЫСЫ: «Барлығы юзу мен каламансиден жаңа толтырғыштар жасап жатыр. Біз дәстүрлі рецепттерге қайта оралдық. Өйткені адамдар ақыр соңында классикалық дәмді қайта татқысы келеді».
Бұл жаңа кондитерлік өнім 2017 жылы ашылып, Копенгагендегі ең сәнді дегендердің біріне айналған. Адамдар мұнда кондитер өнімдерін алу үшін сағаттап кезекте тұрады. Кардамон қосылған тоқаш мекеме жұмысшыларына өте танымал өнім болды. Былтырдан бастап «Вастлавья» пісіріле бастады.
ЭМИЛ ГЛЕЙЗЕР КОНДИТЕРЛІК ФАБРИКАНЫҢ ИЕСІ:«Өткен жылы біз Вастлавья тоқаштарын пісіруді шештік. Содан кейін, мен барлық кондитерларға карнавалда пісірілетін тағамдарға қызықты болу үшін балалық шақтағы естеліктерінен әдемі безендіруді талап еттім»
Банан салмасы, карамель, шоколад пен қаймақ. Міне, осылардың қосындысынан атақты «Вастлавя» пайда болды. Биыл бұл құрамның қатарына қарақат пен кілегей де қосылды.
САТЫП АЛУШЫ: «Бұл өте дәмді әрі тамаша».
«Вастлавя тоқаштары» - швед және фин семласының бір түрі. Тек Данияда олар қатпарлы қамырдан пісіріледі. Ал, тағы бір қызығы бұл Ораза қарсаңында өтетін дат карнавалының атауымен сәйкес. Сонымен қатар, мереке славяндық Масленицаға ұқсайды. Тек басты атрибут - құймақ емес, тоқаш.