Данияда археологтары 2000 жыл бұрын руна жазуы ойып жазылған темір бөлшегін тапты. Бұл бүгінгі таңда Даниядан табылған ең көне жазулар.
Бөлшек 2021 жылы Фюн аралындағы Оденсе қаласының маңындағы темір дәуірінедегі қорымнан табылған.
ЯКОБ БОНДЕ — АРХЕОЛОГ: "Ескі темірге ұқсайды. Шын мәнінде солай. Бірақ бұл темір бөлшегі археологтар үшін өте қызықты, өйткені оның бір жағында біз Даниядағы ең ескі жазу болуы мүмкін руна жазуын таптық ".
Бұған дейін 1865 жылы Фюн аралынан табылған қыраттағы жазу ең көнесі болып есептелетін. Оның пайда болу уақыты табылған темір бөлшегімен бірдей. Бұл жолғы темір бөлшегіндегі жазу тек 2023 жылдың жазында ғана табылды. Ол кезде ол қалпына келтіру бөлімінде сақтаулы болатын. Оның бір жағында кішігірім руна жазуы, ал екінші жағында күрделі ою-өрнек байқалды.
ЯКОБ БОНДЕ АРХЕОЛОГ: "Темір бөлшегі осында бір жарым жылдай жатқан.Содан кейін біздің реставраторлардың бірі оны тазартып, барлық тот пен коррозияны жойды.Жұмыс барысында ол бөлшектің бір жағында өте әдемі ою-өрнек, ал екінші жағында одан да қызықты - кішігірім руна жазуын көрген.Бұл фантастикалық жаңалық еді ".
Бұл жаңалықты ашқан соң, археологтар жазбаның мағынасын білу үшін Данияның Ұлттық музейіндегі рунологпен байланысқа шықты. Ол бес рунадан тұрады, одан кейін үш ойық бар. Сарапшылардың пайымдауынша, бөлшекте «хирила» деген жазу бар, ол ежелгі скандинавия тілінен «кішкентай семсер» деп аударылады екен.
Руна жазуы Солтүстік Еуропаның кейбір өңірлерінде біздің дәуірдің ІІ ғасырынан бастап, бәлкім, одан да бұрын қолданылған.Скандинавиядағы белгілі жазулардың кейбірі Норвегия мен Даниядан табылған. Ал одан кейінгі гравюралар Швеция мен Исландиядан табылған. Археологтардың айтуынша, бөлшекті даталауға жерленген жерден табылған басқа да заттар, соның ішінде түйреуіш көмектескен.