Әйел сұлулығын ашатын, жылтырға толы  монохромдық топтама. Осы көрсетілімнен бастап Дубайда сән апталығы басталды - Біріккен Араб Әмірліктерінің тарихында бұл екінші рет өтіп тұрған шара. 

Коллекцияны тай дизайнері Пипатчара жасады. Ол сән-салтанатқа емес, экологиялық тазалыққа  баса назар аударған. Оның брендін 100% «жасыл» деп атауға болады.

ПИПАТЧАРА – ДИЗАЙНЕР:  "Менің коллекциям - өңделген пластик пен түсті симфония. Бәрі де үйлесімді. Сіздерге  идеямыз ұнайды деп үміттенемін. Біз киім, аксессуар, аяқ киім, сырға жасау үшін Таиландтан пластикалық қалдықтарды  тонналап пайдаланамыз".
 
Бір апталығы  көрсетілімін ұйымдастыратын Араб сән кеңесінің басшысы биылғы жылы экологиялық тазалық жалпы шараның тақырыбына айналғанын айтады.

ДЖЕЙКОБ АБРИАН – АРАБ СӘН КЕҢЕСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: "Дубайдағы сән апталықтарындағы экологиялық тазалық - өте маңызды әрі негізгі аспект. 2016 жылы Араб сән кеңесі тұрақты дамудың халықаралық тәжірибесін ұстанатын креативті дизайнерлерді қолдау үшін AFC Green Label жобасын іске қосты. Біз барлық дизайнерлер терминді тек маркетингтік пайымдаулардан емес, экологияға адал екеніне көз жеткізгіміз келеді".

Сән апталығында басқа да дизайнерлер өз топтамаларын ұсынды. Олардың ішінде Lama Jouni, Lili Blanc және Weinsanto бар. Жалпы,   апталық көрсетілім бүкіл өңірдің сәнді жұртшылығын қызықтырды.

 ДЖЕЙКОБ АБРИАН – АРАБ СӘН КЕҢЕСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: "Біз Дубайдағы сән апталығы әлемдегі үздік бес сән аптасының қатарына кіреді деп есептейміз. Ол маусым сайын өсіп келеді. Біз Дубайдың тек бестікке ғана емес, сонымен қатар үздік үштікке де түсу әлеуеті зор деп есептейміз ".
 
Біріккен Араб Әмірліктері - әлемдегі ірі мұнай өндірушілердің бірі. Алайда бұл олардың биылғы жылы COP28 климаттық саммитін өткізуіне кедергі келтірмейді.