Елдегі шаруалар,жаңа технологияға қарай қадам басты.Алматы облысына қарасты Балқаш ауданы су тапшылығын сезіп келе жатқан аймақтың бірі.Осыған орай, егіншілікпен айналысатын «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығы жаңбырлатып суару жүйесін пайдалана бастады.Толығырақ келесі бейне материалға назар аударсақ.
Су тапшылығы Балқаш ауданы дихандарын әбігерге салғанын білеміз.Қапшағай су қоймасынан берілетін тіршілік нәрі,жыл сайын төмендеп барады.Оның үстіне құмды аймаққа су жеткенше,біраз мөлшерін жоғалтады.Салдарынан ауданда егіншілікпен айналысатын шаруашылықтар егістік алқаптарын қысқартуға мәжбүр болып отыр.Бұл өздеріңіз көріп тұрған жаңа технологияның бірі.»Тамшыбұлақ» шаруа қожалығының мамандары каналдан ағыл-тегіл су жібермей,жаңбырлатып суару жүйесін тиімді пайдаланып отыр.
МҰСТАФА ҚАЛИЕВ «ТАМШЫБҰЛАҚ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
ҚАМҚОР УӘЛИЕВ «ТАМШЫБҰЛАҚ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Су тапшылығы «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығын да тығырыққа тіреген. 1400 гегтар жерге жоспарланған күріш дақылдарын 900 гегтарға ықшамдаған. Өйткені,тіршілік нәрі толық көлемде жетіспей отыр.
МҰСТАФА ҚАЛИЕВ «ТАМШЫБҰЛАҚ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Диқандардың ақ күрішіне сұраныс жоғары.Өнімдерін Алматы,Алматы облыснан бөлек, алыс-жақын шет мемлекеттерге шығарады.
МҰСТАФА ҚАЛИЕВ «ТАМШЫБҰЛАҚ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
«Тамшыбұлақ» шаруа қожалығы күріштің янтарь,бақанас,новатор сорттарын егеді.Өнім сапасын арттыру үшін,алдыңғы қатарлы тұқым өндіретін шаруашылықтармен етене қарым-қатынаста.Аграрлық саладағы ғалымдар мен тығыз байланыс орнатқан. Қожалықтың иелігінде бес жарым гегтар суармалы жер бар.Оған күріштен бөлек арпа,бидай ексе, 2,5 гегтарына көп жылдық жоңыршқа өсіреді.Мал азығы қашанда өзекті,демек сұраныс жоғары. Шаруагерлер егін алқаптарына айдаған жоңыршқаны үш мәрте шауып алады.Түскен пайданы сатудан бөлек, қайырымдылық шараларына да жұмсап отырады. Береке ауылының тыныс-тіршілігін жарастырып отырған қожалық, өзінде қызмет жасайтын мамандары мен ауыл тұрғындарына қолдан келгенше көмек көрсетіп келеді. Ауылда тұратын әр отбасына 20 рулом шөп, 100 келідей күріш таратады.
ҚАМҚОР УӘЛИЕВ «ТАМШЫБҰЛАҚ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Тамшыбұлақ» шаруа қожалығында 50-ге тарта ауыл тұрғындары жұмыс жасайды,оларға сөз басында айтып өткеніміздей айлықтан бөлек,әлеуметтік көмек те көрсетіліп отырады.