"

Елімізге жаңа су қоймаларын Израильдік компания салуы мүмкін. Су тасқынын алдын-ала болжау және одан қорғанудың заманауи жүйелерін ұсынуға Израиль мемлекеті дайын отыр. Одан бөлек, олар су шаруашылығы саласында қазақстандық мамандарды даярлауда өз тәжірбиелерімен де бөліспекші. Аталған министрлікке жауапты Нұржан Нұржігітов бүгін инвестициялық компанияның басқарма төрағасы Шимон Бен Хамо бастаған делегациямен кездесті. 

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ: 
«Біз нәтижелі ынтымақтастыққа ниеттіміз. Израильдік компаниялардың суды сапалы басқаруда мол тәжірибесі мен заманауи технологиялары бар. Кейбір компаниялар Қазақстанда бұрыннан бері табысты жұмыс істеп келеді. Біз барлық салада суды барынша тиімді пайдалануға ниеттіміз, сондықтан серіктестігіміз өзара тиімді болатынына сеніміміз мол».