2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын жол-көлік оқиғалары кезінде жүргізушілер сақтандыру жағдайын полиция мен соттың қатысуынсыз жеңілдетілген тәртіппен рәсімдей алады. Ол үшін мемлекет «Европротокол» арнайы мобильді қосымшасын әзірледі.
Бұл қосымшаның көмегімен ата-аналар ЖКО фактісін дербес тіркей алады және сақтандыру компанияларына материалдық залалды өтеуге өтінім бере алады.«Еурохаттама» бойынша ЖКО ресімдеу үшін бірнеше шарттар бар. Шарттардың кем дегенде біреуі болмаса немесе жүргізушілер оқиғаның мән-жайы туралы келісе алмаса, олар полиция қызметкерлерін шақыруға және белгіленген тәртіппен ЖКО ресімдеуге міндетті.
АЯН БАҚЫТОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ: «Жүргізушілерге кішігірім ЖКО ресімдеу үшін кептелісте полицияны күтудің қажеті жоқ, тиісінше жолдардағы кептеліс жағдайлары азаяды. Жеңілдетілген тәртіппен ресімделген ЖКО бойынша жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Әкімшілік және сот рәсімдерін болдырмау есебінен сақтандыру төлемдерінің мерзімі қысқарады. Егер бұрын хаттама жасалған сәттен бастап сақтандыру төлемдерін алғанға дейін 30-дан 90 күнге дейін уақыт өтсе, қазір сақтандыру төлемін алуға шамамен бес күн ғана уақыт кетеді».
Айта кетейік, Алматыда 2024 жылдың басынан бастап «Еурохаттама» бойынша ресімделген 23 ЖКО фактісі анықталғанын нақтылады. Жаңашылдық жолдардағы кептелістер санын азайтуға мүмкіндік бермек. Сондықтан, жол ережелерін сақтап, жазатайым оқиғалардан аулақ болуға тырысыңыздар деп кеңес берді спикер.