Ертеңнен бастап Астана, Алматы, Шымкент және тағы 12 облыстың тұрғындары сағат тілін бір сағат артқа жылжытып, біртұтас уақыт белдеуіне көшеді. Бұған тұрғындар қаншалықты дайын және ғалымдардың пікірі қандай?Келесі тақырыпқа назар аударсақ.

Сағат тілі бір сағатқа кейінге шегеріледі дегенді естіген жұрт екі жақты пікірде. Бірі жақтаса, екіншісі кері пікір білдіруде.

"Уақыттың ауысуы туралы айтар болсам, ыңғайлы деп ойлаймын. Себебі, уақыт бір сағат артқа шегінгендіктен адамдар жұмыстан ерте шығады, қолайлы, өз шаруаларына үлгереді деп ойлаймын. Дәрігерлерде айтып жатыр ғой, уақыт артқа шегінсе ұйқы көбейеді, денсаулыққа жақсы деп. Мүмкін, соның да бір пайдасы тиер".

"Жеке өз басыма ешқандай өзгеріс болмайды. Потому что, біз әлі сабақтамыз, оқудамыз. Тек 1 сағат ертерек тұру қажеттігі болмаса"

"Менің жеке ойым ыңғайсыз халыққа деп ойлаймын. Кімге керегі бар артқа жылжытудың? Не үшін қажет? Сол жағын түсінбедім не үшін өзгертіп жатқанын".

Қазір елімізде екі уақыт белдеуі (UTC+5 және UTC+6) бар. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары 4-сағаттық белдеумен есептеліп жүрсе, Астана, Алматы, Шымкент қалалары және қалған облыстар 5-сағаттық белдеуімен санап жүр.  Осыған байланысты ғалымдар халықты дүрлікпеуге шақырады. Себебі, адам өмірінің үштен бірі ұйқымен өтеді. Яғни, бұл өзгеріс еліміздің көптеген аймақтары үшін пайдалы және ыңғайлы. Мамандардың сөзінше табиғи уақыт белдеуіне оралу денсаулық пен адам өміріне жақсы әсер етеді.

ӘМІР ҚУАТ ҒАЛЫМ-БИОТЕХНОЛОГ
"Қазіргі таңда UTC+6-ға тұрып жатқандықтан, нағыз тал түс сағат 13:00 ығысып тұр. 12:56-12:58-ге. Бірақ, біздің өзіміздің табиғи уақытымыз UTC+5 болғандықтан, негізгі тал түс сағат 12:00 келуі тиіс. Сонда біз,  UTC+5 көшкен кезде, нағызғы түс 11:56-11:58 шамамен осы уақытқа келетін болады. Демек, біздің ағзамыздағы циркаттық ритмдер сол күн сәулесінің, күн ырғағына синхронды түрде жүретініне әкеліп соғады. Ол адамның ағзасындағы барлық процесстердің дұрыс жүруіне әсер етеді".

Сондай-ақ, көпшілікті алаңдатқан сауалдардың бірі - ерте уақытта алынып қойған билеттер. Жолаушылардың сауалдарына арнайы мамандар да жауап берді. 

ТІЛЕК ӘБДІРАҚЫМОВ "AIR ASTANA" АҚ КОРПОРАТИВТІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕР:
"Эйр Астана компаниясысы Қазақстанның біріңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты рейстер кестесін өзгертті. Олар 5 қалаға қатысты: Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен және Қостанай қалаларына осы рейстер уақыты өзгереді. Осы туралы жолаушылар СМС хабарламалар және электронды пошталарына хаттар алады. Ал сәуір мен қазан айы аралығындағы рейстер автоматты түрде наурызда өзгертіледі және осы туралы да жолаушыларға хабардар етіледі".

САРА САХЫНБЕК «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:
"Наурыз айында пойыздар жаңа кесте бойынша жүреді. Бұл билеттерде де ескерілген. Ең бастысы, жолаушылар өздерінің сағаттарын бірыңғай уақыт белдеуіне сәйкес ауыстыруы керек".

Мамандар жолаушыларға сапарларын алдын-ала жоспарлауға, сондай-ақ билетте көрсетілген жөнелту және келу уақытын мұқият қарауға кеңес береді.