БҚО Теректі ауданында Жайық өзенінде қайықтары аударылып қалған 7 адам құтқарылды. Зардап шеккендер Сәуір жары туристік аймағынан табылып, қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Теректі ауданында 7 адам мінген 2 ескекті қайық өзеннің ағысына қарсы төтеп бере алмай, біреуі ағашқа соғылып, 3 адам суға батқан. Жанталаса тырмысып терекке өрмелеп шыққан олар дереу көмек іздейді. Хабарламаны ести салысымен БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағы және №12 өрт сөндіру бөлімшесі дронның, арнайы құралдардың көмегімен зардап шегушілерді құтқарған.
БЕКЖАН АЙТҚАЛИЕВ БҚО ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ «7 адам 2 қайықпен - 1 темір қайық және пластмасса қайықпен жүзуді жоспарлаған. Сол кездегі жаңағы темір қайықпен олар ағашқа соғылып, сол жерде аударылып, 3 адам суға кеткен. Өздері 3 адам, судан шығып тұрады ғой теректер, соған жүзіп барып, сол жаңағы 112 нөміріне хабарласқан. Біздер Теректі ауданы Федоровка ауылына барып, ар жағында Сауркин Яр деген жер бар, сол жерден қайықпен суға түсіп, ары қарай адамдарды іздестіру жұмыстары басталды. Сауркин Ярдан 2-3 км жерден 7 адамда тауып, эвакуациялау жұмыстары жасалды».
Жайық өзені бойымен жүзіп өтпек болған адамдардың қазіргі уақытта жағдайлары қалыпты.