Маңғыстау жастырының тазы өсіруге қызығушылығы жоғары. Тіпті кейбірі республикалық жарыстарда жүлделі орыннан көрініп жүр. Солардың бірі - Дінмұхамед Бақтыбай. Оның күшігінен асыраған төрт тазысы әзірге төртаяқтылардың ішінде ешқайсына дес бермей келеді. Ендігі мұраты - қазақтың құмай тазысын әлемге дәріптеу.
Дінмұхамед мына қара тазыны Ақтөбеден алдыртқан. Ол алыс қашықтықтағы бірнеше сайыста өзінің төзімділігі мен жүйріктігін байқатқан. Жақында аңшылықта шиебөрімен алысып, аяғын жаралап алыпты. Ақтаулық тазыбегінің бұдан басқа тағы бірнеше иті бар.
ДІНМҰХАММЕД БАҚТЫБАЙ ИТБЕГІ: «Жарыстың алдында 1-2 ай шамасында дайындаймыз тазыларды. Семіз тазы арықтатып, арығын семіртіп дегендей. Бос жіберіп, жүгіртеміз. Дайындық былай айтқанда. 5-тен 30 шақырымға дейін бара береді. Оның әртүрлі тәсілдері бар жүгіртудің. Бабына-бағына қарай».
Тазы ұстауға әуес жастар топ құрған. Жүйрік ит баптауда өзара тәжірибе алмасып тұрады. Елдос Аязбай 2013 жылдан бері тазы өсіреді. Кезекті жарыста кейбір тазының көкжал қасқырға бата алмағанын көрген. Досымен баптаған иттер еш тайсалмай бөріге шауып, көрерменді таң қалдырыпты.
ЕЛДОС АЯЗБАЙ ИТБЕГІ: «Таймас» дейтін итіміз болды. Барон, Құмай үшеуі түсті қасқырға. Біздікі қасқыр көрмеген ит шынын айтқанда. Шиебөрі көргенімен. Түспейді деп ойлағанбыз, бірінші жарысқа барып тұрғаннан кейін. Сол кезде таң қалдық, мәз боп».
Құмай тазы баптайтын жастар барлық шығынды өздері көтереді. Айтуларынша, әр итке айына 25-30 мың теңге керек. Қаражат тамақ, дәрумен алуға жұмсалады. Серілікті серік еткен жастар келешекте мемлекеттік бағдарлама қабылданып, қазақ тазысын өсіру барлық өңірде үрдіс аларына сенеді.
Жастар тазы баптауға кіріскен
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 355
"