Жылдың басында түскен мол жауынның зардабын оралдық тұрғындар тартты. Сарытау шағын ауданына қарасты Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі жеке үйлердің ауласын су басқан. Қыстың көзі қырауда әбігерге түскен қараша, биліктен көмек сұрайды.

Орал қаласының Зашаған кентіне қарасты Сарытау шағынауданы Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан үйлердің тұрғындары аулаларын су басу мәселесімен бетпе-бет келіп отыр. Жаңбыр жауып, қар еріген мезетте еріген су көше бойын жайлап, зардабын жеке тұрғын үйлердің иелері тартады. «Су басу мәселесі жер бедеріне, айналма арық жүйесіндегі ақауға байланысты»,- дейді тұрғындар. Айналаға құм төсеп, бөгет қойылғанымен, нәтиже жоқ.

АЛМАГҮЛ ҒАБДУӘЛИЕВА ЗАШАҒАН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ

ӘБІЛҚАЙЫР ИБРАЙЫМОВ ЗАШАҒАН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ

Тұрғындар аулаларына кірген суды өз қаражатына техника жалдап сорғызып, жағдайды жақсартуға әрекет жасауда. Бұл мәселеге қатысты Зашаған кентінің әкімдігіне 2 қаңтар күні 20-ға жуық азаматтан арыз түскен. Оның негізінде сала мамандары екі ауысымда жұмыстар жүргізіпті. Ауа райы құбылса зашағандықтарды әбігерге салатын «айналма арық жүйесі қызметінің бұзылуына тұрғындардың да ықпалы бар»,- дейді әкімдік өкілі.

АСЫЛЖАН ХАЙРУЛЛИН ЗАШАҒАН КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Осылайша, арық жүйесі мәселесінен хабардар әкімдік өкілдері жағдай бақылауда екенін жеткізді. Алда арықтың жұмысын бір жүйеге келтіру шаралары қабылданатын болады. Кент тұрғындары интернет желісінің де тым нашар екендігін айтады. Көше жолының сапасы да сын көтермейді. Әкімдік мамандарының айтуынша, жеке инвестор есебінен интернет желісін жақсарту жоспарланған. 2024-2025 жылдары Сарытау шағынауданының жолын жөндеу жоспарына сәйкес Сұлтан Бейбарыс көшесінің қалған бөлігі жаңғыртудан өтеді, - дейді аймақ билігі.