Бүгін баспасөз мәслихаты барысында Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қала тұрғындары мен қонақтарына жер сілкінісі туралы неліктен SMS хабарлама келмегенін түсіндірді.
НҰРЛАН АТЫҒАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Тәжірибе көрсеткендей, SMS хабарламаларды жедел жібергенде, бұл деректер қала тұрғындарына кеш жетеді. Бұл халық тығыздығымен байланысты. «Ұялы байланыс операторларының ақпаратты өңдеуге уақыты жоқ, сәйкесінше жедел ақпарат кеш келеді».
Сондай- ақ департамент басшысы жер сілкінген кезде дабыл неге қосылмағанын айтты. Спикердің сөзінше, Алматыда 843 электр дабыл құрылғысы бар. Олар жер дүмпуі 5 баллдан асқан кезде ғана қосылады екен.
НҰРЛАН АТЫҒАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Түнде дабылды қосу қажеттілік тудырған жоқ. Себебі, бізде 5 балл деңгейінде болды. Сондай- ақ ол қосылса тұрғындар арасында дүрбелең тудыратын еді».