Жұртты дүрбелеңге салған жер дүмпуі Қазақстанды ғана емес, Қырғызстан мен Қытайдың Шыңжаң аймағының тұрғындарын да әбігерге салды. Өйткені ошағы сол аймақтардан орын алды. Сейсмологтар 7,1 балдық жер сілкінісі болғанын алға тартуда.
Әуесқой кадрларда үйлердегі люстралар мен жиһаздар дірілдеп, аквариумдардан судың сыртқа ақтарылып жатқанын көруге болады. Жер сілкінісінің ошағы Қытайдың солтүстік батысындағы Шыңжаң аймағындағы Уши уезінің таулы шекаралас аймағында 22 шақырым тереңдікте тіркелді. Дүмпулер жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат екіде болды.
Таңертеңгі жағдай бойынша 40-тан астам жер сілкінісі орын алған. Қытайдағы ондаған үйлер толығымен немесе ішінара қирады. Жәбірленушілер туралы әлі хабарланған жоқ. Зардап шеккендер бар. Электрмен жарықтары үзіліп, теміржол байланысы уақытша тоқтатылды. Жер сілкінісі Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанның кейбір аймақтарында да болды.