Бармақ басты, көз қысты. Ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған субсидияларды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық жағдайлары анықталды. Кәсіпкер ұсынған құжаттардың толық болмауын сылтауратып, субсидия беруден заңсыз бас тарту  фактілері тіркелген. Бұл туралы Жетісу облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы баяндады.

"Бизнеске жол" жобасы жыл басынан бері аталмыш мекеме қызметімен іске асырылып жатыр. Мақсат,кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Әкімшілік кедергілерді болдырмау. Соңғы 8 айда тек Жетісу облысы бойынша 10 мыңға жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалған.

Департаменттің араласуынан кейін 700-ден аса өтінім қайта қаралды. Сондай-ақ бизнестің заңды құқықтарын бұзған 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

МАҚСАТ ЖЕБЕГЕНОВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ   ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: