Индонезиядағы құрғақшылықтан дихандар жылдағы егін егу үрдісін өзгертуге мәжбүр. Олар енді, табиғаттың тосын сыйына дайын, суды қатты қажет ете бермейтін дақылдарға көшті.
Индонезиялық фермер Ваян Дхармаяса өмір бойы күріш өсіріп келген. Енді басқа дақылдарды отырғызуға мәжбүр. Ел ұзаққа созылған құрғақшылықтан қиналуда. Қатты зардап шеккен аймақ Бали курорттық аралы.
ВАЯН ДХАРМАЯСА – ДИХАН: "Мұндай жағдайда диханшылар күріш өсіре алмайды. Бірақ біз жүгері мен көкөністер сияқты басқа дақылдарды отырғызбақпыз.Онымыз, жан бағып, ас-ауқат алу үшін ғана. Артылса сатармыз".
Джембрана округінде бес айдан бері жауын-шашын болмады. Соның салдарынан Паласари бөгетінің жанындағы су қоймасы құрғап тұр.
ВАЯН САПТА БУДИАРТА - БИЛІК ӨКІЛІ "Су қоймасында сегіз миллион текше метр су болды, содан кейін жеті миллионға азайды. Құрғақшылықтан бөгеттің етегіндегі жерге сіңе бастады".
Қазір тек 320 мың текше метр су қалды. Диханшылар жаңбыр жаумаса, жаңа дақылды егінде өледі деп қорқады. Джембранадағы адамдарға су және тұрмыстық қажеттіліктер жетіспейді. Округтегі алты ауыл қиын жағдайға тап болған. Мұнда екі аптаға төтенше жағдай режимі енгізілді. Қазір Индонезияның табиғи апаттар агенттігі таза ауыз суды жеткізіп жатыр. Метеорологтар бұған дейін Эль-Ниньоның Климаттық құбылысына байланысты елді қатты құрғақшылық күтіп тұрғанын ескерткен. Мұндай жағдайда орман өрттерінің қаупі артады. Елде күріш өндірісі биыл 2% – ға-шамамен 30 миллион тоннаға дейін төмендейді деп күтілуде. Өткен жылы елдің күріш алқаптарының ауданы 10 миллион гектардан асқан екен.