Испанияның бес аймағында бетперде тағу талап етіліп отыр. Әзірге тек ауруханаларда. Оған себеп, мереке маусымында тұмау мен COVID-19 жағдайларының көбеюі.
Желтоқсан айының соңында бүкіл мемлекет бойынша 100 мың тұрғын арасынан респираторлық ауруға шалдыққандар саны 950-ден асты.Кейбір аймақтарда бұл инфекциямен сырқаттанушылар саны 1500-ге жетті.Валенсия аймағы-ең көп зардап шеккендердің бірі. Осы өңірде бетпердесіз жүру рұқсат етілмейді. Бұл ереже Каталония, Арагон және Мурсияға да қатысты. Ал Галасияда бетперде тағуға қазірше жай ғана кеңес береді.Барселона тұрғындары болса, бетпердені өздерінің қалауымен ауруханадан тыс жерлерден де тағады.
БАРСЕЛОНА ТҰРҒЫНЫ: «Менің ойымша, бетпердені қоғамдық көліктерде, тұмаумен ауыратын адамдар болатын және вирустар көп айналатын жерлерде тағу қажет. Көптеген қарт адамдар зардап шегеді. Біз оларды және өзімізді қорғауымыз керек».
Испания Еуропада COVID-19 пандемиясынан кейін міндетті түрдегі бетперде тағу талабын соңғы болып тоқтатты. Адамдар оларды өткен жылдың ақпан айына дейін қоғамдық көлікте тағуға міндетті болды. Ал медициналық орталықтар мен дәріханаларда – шілде айына дейін.