Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да Ресей Ғылым Академиясы академигінің жетекшілігімен жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің күрделі бұзылыстарын емдеу бойынша бес күндік мастер класс өтуде. Толығырақ алдағы материалда.
Бұл операциялар өте күрделі және жүрек ырғағының бұзылуын емдеудің ең тиімді әдісі болып табылады. Жетекші ресейлік маманмен бірлескен операциялар жүргізе отырып, ҒЗИ дәрігерлері үлкен тәжірибие алуда.
МАРАТ ПАШИМОВ ҒЗИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: «Науқастарды алдын ала жинадық. Сол жиналған науқастарға бір апта бойы 20-25 науқасқа оталар жасайтын болады. Қазір өздеріңіз байқап отырсыздар, әлемде, басқа федерацияларда жаңадан жасалып жатқан оталарды. Біздің мақсатымыз – біздің Қазақстанға енгізу. Біздің Қазақстан тұрғындары шетелге бармас үшін. Қазір үкіметтен, денсаулық сақтау ұйымынан құрал жабдықтар бөлініп жатыр. Қаражаттар бөлініп жатыр. Біздің адамдар шетелге бармай, осындай мүмкіншілік бар кезде осындай оталарды өзімізде жасау».
АХЫТ БАҒДАТ ҒЗИ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Сергей Артеменко жүрекше фибрилляциясы бар емделушілерде радиожиілікті катетерлік абляция процедурасының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдіснамалық тәсілдерді әзірлеген. Бұл әдістер халықаралық және ұлттық клиникалық ұсыныстарға да енген. Радиожиілік, катетерлік, абляция, жүрекке ең күрделі жоғары технологиялық операцияларды жасауға мүмкіндік беретін үш өлшемді навигациялық картаға түсірудің озық жүйелерін пайдалана отырып жүргізіледі. Осылайша адамдардың өмірін құтқарып, оларды толыққанды өмірге қайта әкеледі.
СЕРГЕЙ АРТЕМЕНКО РҒА АКАДЕМИГІ, ІТМ ФЗО ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: «Бұл жұмысты біз 10 жыл бұрын жоспарлағанбыз. Негізінен, көп жағдайда жастары ұлғайған адамдарда жүрек ауруы жиі кездеседі. Оларда аритмия көп. Әсіресе, әйел адамдарда жиі кездеседі. Осы мастер класстың өзінде үш төрт әйел адамға ота жасадық. Қазір құрал жабдықтардың барлығы бар деуге болады. Бәрі заманауи үлгіде жасалынған. Соларды пайдалана отырып, біз аритмияның кез келген түрін жоюға мүмкіндік ала аламыз. Сондықтан, ұзақ әрі сапалы өмір сүру үшін тиісінше батыл қадамдар жасаған дұрыс».
Сондай ақ, күрделі ота жасатқан емделушілердің бірімен де тілдестік. Айтуынша, ота кезінде ояу жатса да, ауру еш білінбеген. Барлығы жеңіл әрі ойдағыдай болған. Емделуші білікті мамандарға дән риза.
ИРИНА РОМАНОВСКАЯ ЕМДЕЛУШІ «Мен бұл жерде бірінші рет емеспін. Себебі, менде күрделі жүрек ауруы бар. Яғни, тыныс алу, жүру секілді физикалық белсенділік өте төмен. Бірақ, бұл ота мен үшін өте дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Қазір технологияның дамыған заманы болғандықтан, қажет құралдың бәрі бар. Мен ота жасалған күннің ертеңіне аяғымнан тұрып кеттім. Ешқандай ауыру сезімі сезілмеді. Бәрі тамаша. Басқа адамдарға айтарым, өзіңіздің өміріңіз үшін соңына дейін күресіңіз. Ең бастысы – өзіңізге сеніңіз».
3D технологиялары аритмияның көзін – жүректің басқа тіндеріне зақым келтірместен патологиялық ошақты 1 миллиметрге дейін табуға көмектеседі. Нәтиже операция кезінде көрінеді. Аптаның соңына дейін жүрекшелер фибрилляциясы және басқа да күрделі эктопикалық ошақтары бар науқастарға ота жасалады.