Жетісу облысы,Кербұлақ ауданында 100-ден астам мүгедек қарт пен 70-ке жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Олар тегіс мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандары олармен тұрақты байланыста. Сұраныстарын анықтап, тиісті қолдау көрсетіп отырады.
Сарыөзек ауылының тұрғыны Гүлмира Қасымова 4 баланың анасы. Кенжесі Нұртас туғаннан сал ауруына шалдыққан. Мүмкіндігі шектеулі ұлының күтіміне мемлекеттен әлеуметтік көмекті тегін алады. Сонымен қатар, аптасына 2 рет әлеуметтік қызметкерлер арнайы үйіне келіп, оңалту жұмыстарын атқарады. Гүлмира Қасымова сала мамандардың еңбегіне дән риза.
ГҮЛМИРА ҚАСЫМОВА САРЫӨЗЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Баламыздың медосмотр, бәрін өткізіп береді. Парталмен жататын кезде санаториға жіберді биыл,каляскамызды береді,карсет береді. Аяғына артапет аяқ киім береді. Әлеуметтік қызметкерлердің қыздары бір нәрсе айтсаң екі етпей бәрін жасайды. Әлеуметтік ұжымына рахметімді айтамын».
Кербұлақ ауданында 111 мүгедек, жалғызбасты қарттар мен 67 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оларға арнайы 36 маман, әлеуметтік қызмет жасайды. Негізінен медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік-еңбек, мәдени және экономикалық құқық сияқты 8 бағыт бойынша көмек көрсетеді. Солардың бірі, Әлия Демеева. Ол, 10 жастағы Сезімге бар білгенін үйретіп, оңалып кетуіне септесіп жатыр. Жас бүлдіршінге аутизм диагнозы қойылған
ӘЛИЯ ДЕМЕЕВА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР: «Көбінесе педагогикалық бағытта сурет салдыртамыз.Арасында дамытушы ойындар ойнатып жаттығулар жасап аламыз. Балалардың көбінесе ойлау қабілетін қол маторикасын, саусақ маторикасын дамытамыз. Осындай ойындар арқылы».
Кербұлақ ауданының "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде " мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектер арбалары, протездер, ортопедиялық аяқ киімдер, балдақтар және басқа да қажетті керек-жарақтар беріледі. Жыл басынан бері электронды порталға 560-қа жуық өтінім келіп түсті. Ол бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған.
МАРЖАН ДҮЙСЕНБАЕВА КЕРБҰЛАҚ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: «200 адам гигиеналық құралмен қамтамасыз етілді. Санаторный курордқа жыл басынан 103 өтініш түскен. Бүгінгі күні 60 адам демалып қайтты. 4 адам өздерінің таңдаған жағы бойынша демалып жатыр. Қалғандары өздері таңдаған уақытында жылдың аяғына дейін барады».
Жалпы, мемлекеттік қызметтердің 13 түрі көрсетілген. Оған мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу кіреді.
ҚАЙРАТ СҰЛТАНБЕКОВ КЕРБҰЛАҚ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Былтыр 640 әлеуметтік қызмет көрсетсек, биыл міне 8 айдың ішінде 348 қызмет көрсетіп отырмыз. Ол өтініштер, сурдо құралдары керек кезінде заявка берілді. Керекті құралы болса пошта арқылы жеткізіп береді. Жеткізіп бергеннен кейін біз ақшасын төлеп береміз».
Жалпы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мамандардың біліктілігі жоғары бағаланады. Сонымен қатар мейірімділігі аса маңызды. Жүректен шыққан жылу ғана жүрекке жетеді.
Кербұлақ ауданында 100-ден астам мүгедек қарт пен 70-ке жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 376
"